«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 Ұлттық палата сарапшылары мемлекеттік сатып алу заңы қалай өзгеретінін айтты

2023 жылғы 21 Шілде
7093 просмотров

Осы жылдың 19 шілдесінде ҚР Қаржы министрлігінің алаңында кәсіпкерлердің уәкілетті орган өкілдерімен кездесуі өтті. Жиынға ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитеті, Автомобиль жолдары комитеті, «Қазавтожол» АҚ, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

 Кездесуде Ұлттық әл-ауқат қоры және қордың ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізудің өзекті мәселелері талқыланды (1253-бұйрық). Атап айтқанда, «өңірлік» қағидатын және «теріс мән» көрсеткішін енгізу, техника болса шартты жеңілдіктер беру, келісімшарт және аванстың орындалуын қамтамасыз ету түрінде сақтандыру шартын қолдану.

 Бұдан бөлек, құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша демпингтік баға шегін 5%-дан 2%-ға дейін төмендету және жобалық жұмыстардағы демпингті алып тастау (азайту), орындалған жұмыстардың құнынан ай сайынғы кепілдікті ұстап қалу мөлшерін 5%-дан 2%-ға дейін азайту және басқа да мәселелер талқыланды.

Кәсіпкерлермен кездесу жемісті өтіп, талқылау барысында бірқатар мәселе бойынша келісімдер жасалды.

«Атап айтқанда, олар құрылыс-монтаждау жұмыстары (жаңа құрылыс және күрделі жөндеу) бойынша тапсырыс берушінің аумақтық бірлігінде әлеуетті өнім берушіні табуға 1% шартты жеңілдік беруге, 10 млрд теңге мөлшерінде сатып алу сомасы кезінде 0,1% мөлшерінде «теріс мән» критериін қолдануға, демпингті 5%-дан 3%-ға дейін төмендетуге, кепілдік беру сомасын ұстауға 5%-дан 3%-ға дейін азаюына қатысты болды», – деді  ҰКП Сатып алу және жергілікті қамту департаментінің директоры Руслан Шоқаев.

ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің өкілдері бизнестің кепілдікті ұстап қалуды шегеру мерзімдері және қажетті ең төменгі техниканың тізбесі бойынша ұсыныстарын қарауға дайын екенін білдірді. Техника болғаны үшін сақтандырушыға (әлеуетті өнім берушіге) жекелеген бір критерийлерді белгілей отырып, шарттың орындалуын қамтамасыз ету және квазимемлекеттік сектордың сатып алуында аванс түрінде сақтандыру шартын енгізіп, әлеуетті өнім берушіге шартты түрде 1% жеңілдік беріледі.  

Жақын арада демпингті төмендету, шарттың орындалуын қамтамасыз ету және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында аванс және жария талқылауға басқа да түзетулер түрінде сақтандыру шартын енгізу бөлігінде заңнамаға тиісті өзгерістер жобасын шығару жоспарланған.

Қаржы министрлігінде ҰКП сарапшылары сатып алудағы құрылыс саласының мәселелерін талқылады

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер