«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында «Дала күні-2023» өтіп жатыр

2023 жылғы 13 Шілде
- Ақмола облысы
13578 просмотров

Жыл сайынғы «Дала күні» мекересі Ақмола облысында өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға облыс әкімі Ермек Маржықпаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов, Австрияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Вилли Кемпель қатысты.

«Jańa Dala / Green Day '2023» «Дала күні» мамандандырылған көрмесі биыл өзінің он жылдық мерейтойын атап өтуде. Жыл сайын ауқымды іс-шараға 5000-нан астам фермер қатысады. Биыл «Дала күні» 18 елден аграрлық сала мамандарын жинады. Австрия, Беларусь, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Қырғызстан, Нидерланды, Польша, Ресей, Сербия, АҚШ, Түркия, Финляндия, Украина, Чехиядан келген 150-ден астам компания ауыл шаруашылығы технологиялары, селекциялық жетістіктер мен мал шаруашылығы саласындағы соңғы әзірлемелерді ұсынды, заманауи жоғары өнімді техниканың үлгілерін көрсетті.
Қазақстандық «Дала күні» серіктестерінің қатарында – АӨК қаржыландыру және ауыл шаруашылығы техникасы лизингі саласындағы негізгі даму институттары – «Аграрлық несие корпорация» АҚ және «ҚазАгроҚаржы»АҚ бар.

Айта кетейік, іс-шара тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы техникасының экспозициясынан басқа, Қазақстанның ІҚМ ет тұқымдарының барлық республикалық палаталары, сондай-ақ отандық сүт және аралас тұқымдар палатасы ұсынылды. Олар бірыңғай мал шаруашылығы павильоны атынан көрмеге қатысты.

Айта кетейік, «Дала күні» дәстүрлі түрде Ақкөл ауданының «Еңбек» ЖШС-нің демонстрациялық алаңдарында өтеді. 2013 жылдан бастап облыстан тыс танымал аграршы, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Рақышев басқаратын компания органикалық егіншілікке арналған жерлерді халықаралық стандарттар бойынша сертификаттайды. Кәсіпорын қызыл және жасыл жасымық, қарақұмық, зығыр және қатты бидай өндіреді және Италия, Нидерланды, Бельгия, БАӘ, Щвейцария, Дания және Түркияға экспорттайтын аймақтағы жалғыз органикалық өндіруші.


«Әрине, «Дала күні» – ауылшаруашылық техникасы, жабдықтары, құралдары мен технологияларының кейінгі тенденциялары туралы білуге болатын ерекше шара. Бұдан басқа, бұл ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу, отандық және шетелдік фермерлер арасындағы іскерлік байланысты дамыту, заманауи аграрлық әдістемелерді оқыту, өз бизнесіңізді жаңа деңгейге көтеру үшін маңызды алаң», – деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер