«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлытау облысында алғаш рет Бренд-комитет отырысы өтті

2023 жылғы 13 Шілде
- Ұлытау облысы
9156 просмотров

Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаға сәйкес әзірленген "Мен-кәсіпкер" құралы шеңберінде "Бір ауыл-бір өнім" жобасы бойынша облыстық Бренд – комитеттің (ОЖСБ) бірінші отырысы өтті.  

Бренд-Комитетке өз өнімдерін 10 жергілікті өндірушілер таныстырды, олар 1 кезеңнен өтті. Азық-түлік, сүт және қышқыл сүт өнімдерін өндіру, этно-тоқыма, ұлттық костюмдер тігу, кондитерлік өнімдер, кондитерлік өнімдер, эко-кептірілген жемістер, үй пастиласы, тоқылған ойыншықтар,  гипс декоры, этно-стильде аяқ киім тігу және басқа да өнімдер бар. 
Қатысушылардың өнімдерін бағалау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:
- өнім (тауар) жергілікті шикізаттан өндірілуі тиіс;
- өнімді (тауарды) дайындау кезінде елеулі қаржылық шығындарды талап етпейтін күрделі емес, қарапайым құралдар мен тетіктер пайдаланылуға тиіс;
- өнім (тауар) мүмкіндігінше ол өндірілетін аумақтың өңірлік ерекшелігін көрсетуі және қамтуы тиіс; 
- тауар құрамында қауіпті немесе зиянды заттардың болмауы;
Отырыс қорытындысы бойынша Ұлытау облысы бойынша БАБӨ жобасының жеңімпаздары анықталды. 1 орын алған кәсіпкер Астана қаласында өтетін "Бір ауыл-бір өнім" республикалық конкурс – көрмесінде өз өнімімен біздің өңірді таныстырады. 
Барлық қатысушыларға өнімнің нарықтық әлеуетін арттыру және тұтынушылар шеңберін кеңейту үшін одан әрі ілгерілету мақсатында ұсыныстар берілді. 
Кәсіпкерлер Палатасы әрдайым өңір кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.



Еншілес ұйымдар

Серіктестер