«Бүгін - хобби, ертең - бизнес»: ШҚО-да әйелдерге тегін бейіндік білім беріледі
Шығыс Қазақстан облысында 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның құрамдас бөліктерінің бірі – «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту «құралы шеңберінде ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы (ӘКДО) ұйымдастырған «Визажист» және «Массаж ісі» мамандықтары бойынша әйелдерді тегін оқыту басталды.
ШҚО ӘКДО менеджер-консультанты Жанар Елемесова «Мен кәсіпкер» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында Орталық ұйымдастырған және өткізіліп жатқан оқыту туралы айтып берді.
19 маусымда «RENAISSANS» көпсалалы агенттігі ЖК базасында әйелдерді «Визажист» және «Массаж ісі» мамандықтары бойынша тегін оқыту басталды. 30 маусымда «Визаж» курсы бойынша 10 қатысушы оқуын аяқтады, олар алдағы уақытта buity-индустрия бағытында алған білімдерін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
«Визаж» курсының негізгі міндеті - макияждың көмегімен әдемі бейнені жасау. Курс тыңдаушылары косметика және оны салу ережелері туралы бәрін біліп, бет пішінінің түстері мен ерекшеліктерін анықтап, клиенттің сұрауы мен жағдайға байланысты орынды макияж жасауды үйренді», - дейді Жанар Елемесова.
Курстың оқытушысы Гүлдана Мұхамадиярова жақсы визажист суретші сияқты қылқаламмен қаруланып, адамның жаңа бейнесін жаза білуі тиіс екенін, оның бет-бейнесінің анағұрлым мәнерлі екенін атап өтті.
Курсты аяқтағаннан кейін қатысушылардың алған білімдерін тестілеу арқылы тексерді. Жанар Елемесованың айтуынша, барлық әйелдер үздік нәтиже көрсетіп, сертификаттар табыс етілді.
Қазіргі уақытта «Массаж ісі» мамандығы бойынша оқыту жалғасуда, оған сондай-ақ 10 әйел қатысуда, олар алдағы уақытта өз хоббиін кірісті бизнеске айналдыруды жоспарлап отыр.
Шығыс Қазақстан облысында әйелдерді бизнестің басқа да бағыттары бойынша оқыту жүргізіледі. Өтінімдер штаттық режимде ШҚО ӘКДО Өскемен қ., Әуезов даңғ., 26/1, 1-қабат, 3-кабинет. Менеджер-консультанттар: Жанар Елемесова, тел. 8-777-411-54-01; Асем Смайылова, тел. 8-705-701-40-11.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: