«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада жергілікті өндірістің үздік тауары таңдалды

2023 жылғы 05 Шілде
- Астана қаласы
7636 просмотров

 

Елордалық 100-ге жуық компания бүгін қаланың 25 жылдығы аясында өткен Астана қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысты.

Елордалық киім, аяқ киім, тұрмыстық химия, медициналық мақсаттағы өнімдер, ойыншықтар, теле және радио аппаратуралар, лак-бояу өнімдері, құбырлар, бетон, жылыту және желдету жүйелері және басқа да көптеген тауарды  өндірушілер оларды «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында таныстырды.

 Іс-шараны ұйымдастырушылар атынан Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев қатысушылар мен қонақтарды қарсы алды.

«Біз елорданың 25 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстанның үздік тауары» атты кезекті көрме-байқауын өткізуге қуаныштымыз. Бүгін біздің Астана әкімдігімен бірлесіп, қалада қолайлы бизнес-ахуал құру жөніндегі күш-жігеріміз оң әсер етеді. Жыл сайын елордада кәсіпкерлер саны артып келеді. Мәселен, 2023 жылғы 1 маусымға Астана қаласында 218 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 20% - ға артық. ШОБ-тың елорданың ЖӨӨ-ге қосқан үлесі өткен жылы 10,4 трлн теңгені құрайды- 69,5%, бұл Қазақстанның барлық өңірлері арасында ең үлкен көрсеткіш болып табылады», - деп атап өтті Бейсен Жолболдиев.

Елордалық компаниялар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша үздік атаққа таласты. Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады.

«Біз тұрмыстық химия өнімдерін шығарамыз: сабын, жуғыш ұнтақ, ыдыс жууға арналған жуғыш заттар. Нарықта 2016 жылдан бері жұмыс істейміз. Тәулігіне 10 тоннаға дейін өнім өндіреміз. Астана қаласының барлық базарларына, Қарағанды қаласының ірі супермаркеттеріне жеткіземіз. Біздің өнімдер әртүрлі сегменттерге арналған: қол жетімді бағадан премиум сегменттке дейін. Біз «Қазақстанның үздік тауарлары» көрме-байқауына алғаш рет қатысып отырмыз, жүлдеге үміттенеміз», - деді компания туралы «KazsintezAstana» ЖШС менеджері Ләззат Сейітова.

«Қазақстанның Үздік Тауарлары» көрмесіне жаңадан қосылған қатысушылардың бірі – үйге және кеңсеге арналған үстел-орындықтарды жаппай шығарумен айналысатын «Garbar Group» қоғамдық өндірістік кәсіпорны.

«2011 жылдан бері жиһаз сатумен айналысамыз, өндіріс бес жыл бұрын іске қосылды. Бір орындық өндірісінен бастаған едік, бүгінде 100-ге жуық бұйым шығарамыз. Біз жиһазды металл қаңқасынан да, табиғи ағаштан да жасаймыз. Өндірісте 15 адам жұмыс істейді, оның бесеуі мүмкіндігі шектеулі адамдар», - дейді «Garbar Group» басшысы Ирина Гарбар.

Астана қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары:

– «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» номинациясында

«Астанинский трубный завод Арыстан» ЖШС,

«Барк технолоджи» ЖШС,

«Дежавю Фасад» ЖШС;

– «Халыққа арналған үздік тауар» номинациясында

«КазСинтезАстана» ЖШС,

«Нирвана», Garbar Group ЖК,

«Марқатай» ЖШС;

– «Үздік азық-түлік тауары» номинациясында:

«Ясмин» ЖК,

 «Craft Cheese» ЖК,

«Токанова» ЖК.

Естеріңізге сала кетейік, көрме-байқауына қатысушылар ҚР аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіретін  ; және конкурсты ұйымдастырушы растаған өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі жақсарту бойынша оң нәтижелері бар жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін.

Байқау дипломанттары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасымен және дипломдарымен марапатталады, сондай-ақ төрт жыл ішінде конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығына ие болады.

Өңірлік іріктеу жеңімпаздары дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық конкурсқа қатысады.

Көрме-байқау қонақтары концерттік бағдарламаны тамашалап, бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алды.

«Бір ауыл-бір өнім»

Сондай-ақ, осы күні Астанада алғаш рет «ЭКСПО» ХКО аумағында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде құрылған «Мен кәсіпкер» бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын «Бір ауыл-бір өнім» (БАБӨ) жобасына қатысушылардың көрмесі өтті.

Алғаш рет 2023 жылы Қазақстанның барлық облыстарында көрмелер өткізілуде

«БАБӨ» басты мақсаты  – қарапайым азаматтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру, әйел кәсіпкерлерге өз өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге, әрі қарай экспортқа шығуға жәрдемдесу.

Жоба қатысушылары өз өнімдерін жергілікті шикізаттан этно стильде ұсынды: керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттар, зергерлік бұйымдар, кәдесыйлар.

Елорданың мерейтойына орай келушілерді барлық тауарлар мен өнімдерге үлкен жеңілдіктер күтті.

«Мен түрік жабдығында түрік технологиясы бойынша юфканың жұқа иленген қамырын және жұқа бешбармақ қамырын өндіремін.  Юфка қамырынан біз жартылай фабрикаттар жасай аламыз, оларды қолдану өте оңай, өйткені қамыр өте нәзік және жұқа.  Қамырды тоңазытқышта үш күнге дейін, содан кейін мұздатқышта үш айға дейін сақтауға болады. Бұған дейін біз тек HoReCa-мен жұмыс істедік. Біз күніне 300 кг-ға дейін өндіре аламыз. Бүгін өнімдерді алғаш рет жеке тұлғалар үшін қойдық", - деді БАБӨ қатысушысы Альмира Рахимова.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасының келесі іріктеу кезеңіне өткен он қатысушыға грамоталарды «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Тимур Накипбеков табыс етті.

БАБӨ келесі іріктеу кезеңіне «Көркем жер» ЖШС, Альмира Рахимова, Татьяна Имбергенова, Лаура Жұмажанова, Биназира Жұмабекова, «Astana Brends» ЖШС, Қаршыға Құлымбетова, Ләззат Қабдулинова, Екатерина Щиткова,Анара Ибраева өтті.

Көрмелердің ұйымдастырушысы Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер