«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркі Сауда-өнеркәсіп палаталары одағының кезектен тыс отырысы өтті

2023 жылғы 05 Шілде
3916 просмотров

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының Инвестициялар және сыртқы экономикалық қызмет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Мұрат Карымсақов Түркі Сауда-өнеркәсіп палаталары одағының «Жаңа Өзбекстан: бизнес пен инвестициялар үшін жаңа перспективалар» тақырыбындағы кезектен тыс отырысына қатысты.

Осы жылдың 3 шілдесінде Ташкент қаласында Өзбекстан Сауда-Өнеркәсіп палатасының бастамасымен «Жаңа Өзбекстан: бизнес пен инвестициялар үшін жаңа перспективалар» тақырыбында Түркі Сауда-өнеркәсіп палаталары одағының кезектен тыс отырысы өтті.

Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев отырысқа қатысушыларды қарсы алып,  экономиканың барлық саласы, соның ішінде сауда, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларында мемлекетаралық қатынастарды тереңдетудің маңыздын атап өтті. Сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер мен байқаушылар арасындағы кооперацияны одан әрі дамыту және нығайту үшін Өзбекстанның ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.

 Іс-шараға Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреев, ОТГ бас хатшысының орынбасары Омер Кочаман, Өзбекстан сауда-өнеркәсіп палатасы төралқасының төрағасы Адхам Икрамов, Өзбекстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахабов, Әзірбайжан Республикасының кәсіпкерлер ұйымдары ұлттық конфедерациясының президенті Мамед Мұсаев, Қырғыз Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Темір Сариев, Түркия сауда-өнеркәсіп палаталары мен тауар биржалары одағының бірінші вице-президенті Али Корпуз, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының Инвестициялар және сыртқы экономикалық қызмет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Мұрат Қарымсақов, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылхан Ибадуллаев. және Түрікменстан сауда-өнеркәсіп палатасы басқармасының бастығы Кемал Велиев қатысты.

  «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының Инвестициялар және сыртқы экономикалық қызмет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Мұрат Карымсақов Қазақстан интеграциялық бірлестіктер, құрылымдар, соның ішінде Сауда-өнеркәсіп палаталарының түркі одағын белсенді қолдайтынын атап өтті.

 «Біз қазір өзбек тарапының бастамасымен Ташкентке кезектен тыс саммитке келуіміз – елдерімізде, әсіресе әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық қатынастарда сүбелі өзгерістер, үлкен динамика болып жатқанын көрсетеді. Өзбекстан – қарқынды дамып келе жатқан көрші мемлекет және көршілерде болып жатқан процестер Қазақстанға қатты әсер етеді. Бұл процестер  Қазақстанға өте қызықты, өйткені біздің сауда-экономикалық қатынастарымыз өте тығыз. Біз бір-бірімізді толықтыра аламыз, бір-бірімізден үйреніп, көптеген жобаны бірлесіп жүзеге асыра аламыз», – деді Мұрат Қарымсақов.

Кездесуде Түркі Сауда-өнеркәсіп палаталары одағының мүшелері сөз сөйлеп, сауда-экономикалық және іскерлік қатынастарды одан әрі дамыту, сауда, өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларындағы екіжақты және көпжақты әріптестікті нығайту туралы айтты. Сондай-ақ, Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының негізгі бағыттары талқыланды.

 Спикерлер жаңа Өзбекстанда дәйекті реформалар нәтижесінде бизнесті жедел дамыту үшін кең мүмкіндіктер жасалғанын, елдің инвестициялық тартымдылығы күрт өскенін, шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындар саны төрт есеге жуық артқанын атап өтті.

Қатысушылар Өзбекстан басшылығына Түркі әлемі кәсіпкерлерінің атынан кейінгі жылдары елімізде құрылған бизнес жүргізу үшін қолайлы инвестициялық жағдай үшін алғыс айтып, Түркі Сауда-өнеркәсіп палаталары одағы мүше мемлекеттер арасындағы сауда, инвестициялар, көлік, энергетика, туризм, мәдени-гуманитарлық алмасуды қоса алғанда, көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін тиімді алаң екенін атап өтті.

 Іс-шара аясында түркі мемлекеттерінің іскер топтарының В2В форматындағы кездесулері өтті.

Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталарының одағы 2023 жылы Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының базасында құрылды. Палаталар одағы түркі әлемі елдері арасындағы өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған халықаралық алаң. Кеңестің мүшелері бес ел – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан. Венгрия мен Түрікменстан бақылаушы мәртебесіне ие.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер