«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекеннің» арқасында Алматы облысы әйелдері жаңа мамандықтарды игеретін болады

2023 жылғы 01 Шілде
- Алматы облысы
10395 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына қарасты Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы "Мен кәсіпкер" жобасы аясында 125 әйелді 5 түрлі мамандыққа оқытатын болады: тырнақ сервисінің шебері, make-up стилисті, hair-стилист, SMM-менеджер және аспазшы.

Бүгін маникюр қызметін оқыту басталды. Жаңа кәсіпті өтеусіз негізде  20 әйел игеретін болады. Курс Қонаев қаласының сұлулық салондарының бірінде өтеді, ал қыздарды тәжірибесі бар 4 шебер оқытады.

Болашақ nail-шеберлер оқытудың бірінші күні жұмыстың теориялық бөлігімен, құралдардың гигиенасы мен зарарсыздандыру шарттары мен ережелері, материалдарды ұтымды пайдалану және т. б. таныстырылды.

Жалпы оқу 40 академиялық сағатқа созылады, оның 15-ін теориялық бөлім, 25-ін практикалық бөлім алады.

Жаңа мамандықтың қыр-сырын тек жас қыздар ғана емес, көп балалы аналар да зерттеуге шешілді. Мәселен, 36 жастағы Әшірбекова Нұргүл икемді жұмыс кестесінің арқасында тұрмысты жұмыспен үйлестіре алатынын, ал болашақта өзінің тырнақ сервисі салонын ашуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Nail-жаттықтырушылардың бірі Толгонай Толбаева оқу аяқталғанға қарай барлық 20 білім алушы толыққанды шебер болатынын айтады.

«Тырнақ қызметіне деген сұраныс тез өсуде, өйткені әрқашан жақсы күтімді болуға деген ұмтылыс қазіргі заманғы адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі сән маманға өзінің қиялын көрсетуге және оны шындыққа айналдыруға мүмкіндік береді, мысалы, тырнақтарға авторлық сурет салу, тырнақ тақталарын аппликациямен, ринстондармен безендіру және тағы басқалар. Бірақ сұлулық индустриясында үнемі жаңа әдістер, технологиялар мен құралдар пайда болғандықтан, шеберлер үнемі жаңа дағдылар мен әдістерді үйренуі керек. Сондықтан мұнда біз әйелдерге біз білетін барлық әдістерді үйретеміз», - деп атап өтті Толгоной.

Жалпы, сәуір айында Атамекенге қарасты Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылғаннан бері 127 әйел қабылданып, оларға Орталықтың қызметкерлері 1-4 аралығындағы қызмет санын көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер