«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫН ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА КОНКУРСҚА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ 10 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

2023 жылғы 03 Шілде
9403 просмотров

Отандық әзірлемелер негізіндегі үздік инновациялық тауарлар мен қызметтер 350 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік қолдау алады. Коммерцияланатын және экспортқа шығарылатын болады.

Конкурс талаптары бойынша жоба үш жыл ішінде аяқталып, сатылымға шығуы тиіс, ал бизнес-серіктестің қоса қаржыландыруы грант сомасының кемінде 20% -н құрауы тиіс. 4-тен кем емес және 6-дан артық емес адамнан тұратын жобалық топтар қатыса алады.

Жобалар экономиканың денсаулық сақтау, сапалы білім беру, цифрландыру, геологиялық барлау, энергетикалық кешенді жаңғырту, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-химия өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, экология, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия, металл өңдеу, туризм және т.б. сияқты салаларды қамтуы мүмкін.

Атап өту керек, өткен жылғы конкурс аясында 152 өтінім ұсынылды, оның 134-і сараптамадан өтті. 72 жоба ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жөніндегі мамандандырылған Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімі бойынша қаржыландыруға мақұлданды және грант алушылармен 68 келісім-шарт жасалды. АӨК, Денсаулық сақтау және химия өнеркәсібі саласындағы жобалар басым. Ғылыми жобаларды коммерцияландыруда Алматы, Астана және Қарағанды қалаларының ғалымдары белсенділік танытуда.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің деректері бойынша іске асырылған коммерцияландыру жобаларының басым бөлігінде грант алушылар бизнес өкілдері болып табылады. Тиісінше, дайын инновациялық өнімдер мен қызметтерді сату бойынша ең жоғары нәтижені бизнес өкілдері көрсетеді (79%).

2022 жылы ҚР Үкімет қаулысымен арнайы құрылған Коммерцияландыру жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестің өкілдері қаржы бөлу үшін жобаларды іріктейді. Оның құрамына жетекші ғалымдар, венчурлық бизнестің, салалардың өкілдері, инновация саласындағы сарапшылар, сондай-ақ  «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді. 

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бизнес өкілдерінің ғалымдарға жаңа өндірістер құру арқылы ғылыми нәтижелерді монетизациялауға көмектесе алатын, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын, бюджетке салық түсімдерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін мүмкіндік береді.

Бизнес акселерациясын жандандыру мақсатында жаңартылған ұлттық ғылыми кеңестің коммерцияландыру жөніндегі кезекті отырысында "Атамекен" ҚР ҰКП бизнес-реттеу департаменті директорының орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, IPMA level C сертификаттау жүйесіндегі сертификатталған жобалық менеджер Динара Нұрғалиқызы Ақынбекова осы кеңес төрағасының орынбасары болып сайланды.

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бизнес өкілдеріне жаңа өндірістер құра отырып, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын, бюджетке түсетін салық түсімдерін ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, ғалымдарға ғылыми нәтижелерді монетизациялауға көмектесуге мүмкіндік береді.

Қажетті құжаттар тізімі «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ (www.gov.kz/memleket/entities/sc?lang=ru), «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ  (www.ncste.kz/ru/competition) және «Ғылым Қоры» АҚ (www.science-fund.kz) сайттарында орналастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер