«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында үздік баспасөз хатшысы анықталды

2023 жылғы 01 Шілде
- Алматы облысы
10931 просмотров

Алматы облысында қоғаммен байланыс мамандары арасында кезекті өңірлік байқау ұйымдастырылды. Ол 19-26 маусым аралығында "NewsHub" ақпараттық хабының порталында өтті. Оған мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, Алматы облысы компанияларының баспасөз қызметкерлері қатыса алды.

Байқауға өңірдің түрлі ұйымдарының 11 баспасөз хатшылары  қатысты. Жеңімпазды журналистер онлайн дауыс беру арқылы анықтады. "Алматы облысының үздік баспасөз хатшысы-2023" атағы мен дипломын, сондай-ақ 400.000 теңгелік сыйлықты Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Балауса Марат алды.

«Байқау қызықты және өте қызу өтті деп ойлаймын. Дауыс саны барлығына қол жетімді болған соң, қатысушылар қарқынды түрде бір-бірінен қалмауға тырысты. Ұйымдастырушыларға және осы байқауда мені қолдағандардың барлығына үлкен алғысымды білдіргім келеді! Бұл бәріміз үшін үлкен тәжірибе болды. Кем дегенде, біз облыс аумағындағы басқа да әріптестерімізбен және біздің жұмысымызға тікелей қатысы бар журналистермен байланыс орнаттық», - деді жеңімпаз марапаттау салтанатында.

Оның айтуынша, ол өз жаңалықтары мен пресс-релиздерін жариялай отырып, портал қызметін пайдаланады.

Байқаудың барлық қатысушыларына "баспасөз қызметінің" жеке кабинетінде 500 000 теңгеге бонус берілді, бұл баспасөз хатшыларына сайтта өздерінің ақпараттық материалдарын өз бетінше орналастыруға мүмкіндік береді.

«Бұл біз баспасөз хатшылары арасында өткізген төртінші өңірлік байқау. Оның мақсаты - қоғаммен байланыс саласындағы үздік мамандарды анықтау және марапаттау, оларға тәжірибе алмасу алаңын ұсыну, салада кәсібилікті арттыруға жәрдемдесу. Бұл ретте жеңімпаздарды журналистер анықтайды, осылайша баспасөз хатшыларының жұмысын бағалайды», - дейді жобаның негізін қалаушы Ерлан Рамазанов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осындай байқау Жетісу, Маңғыстау және Түркістан облыстарының PR-мамандары арасында өткізілген болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер