«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық «Атамекен» кәсіпкерлерге «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның сақталуын еске салды

2023 жылғы 30 Маусым
- Павлодар облысы
8134 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілеріне сатушының (дайындаушының, орындаушының), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерінің байланыс деректері туралы ақпаратты, сондай-ақ тұтынушының өз бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін оларға жүгіну құқығы туралы деректерді қазақ және орыс тілдерінде орналастыру қажет екенін хабарлайды.

«Сатушы өзінің атауын (фирмалық атауын), орналасқан жерін (заңды мекенжайын) және жұмыс режимін тұтынушының назарына қазақ және орыс тілдерінде жеткізуге міндетті, бұл ақпаратты тауарды өткізу (жұмысты орындау, Қызмет көрсету) орнына орналастырады. Сондай - ақ, жоғарыда аталған ақпаратты «Тұтынушылардың бұрыштарына» орналастыруды ұсынамыз, - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде.

Бұдан басқа, сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауар туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпаратты екі тілде беруге міндетті. Тауар (жұмыс, қызмет) туралы мәліметтер тауарға (жұмысқа, қызметке) қоса берілетін құжаттамада, тұтыну ыдысында, затбелгілерде немесе тауардың жекелеген түрлері үшін қабылданған басқа да тәсілмен баяндалады.
Бұл талаптарды сатушылар (өндірушілер, орындаушылар) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңды сақтау үшін орындау қажет. Сатушының осы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде беру жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 190-бабының 5 және 6-бөліктері, 193-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер