«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еуроодақ Қазақстанды жылжымайтын мүлікті басқару секторын дамытуда қолдайды

2023 жылғы 30 Маусым
6144 просмотров

Қазіргі кезде Қазақстанға жылжымайтын мүлікті басқару секторын қоса алғанда, тұрақты экономика мен өмір салтын қамтамасыз ету үшін заманауи шешімдер қажет. Еуроодақ елдерінің көп жылдық тәжірибесі Қазақстан үшін өте пайдалы болуы мүмкін. Бірақ алдымен модернизация құрылымы үшін заңнамалық нормалар қажет. Бұл туралы Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур мәлімдеді.

 «Атамекен» ҰКП алаңында «Тұрғын үй жылжымайтын мүлікті кәсіби басқару және тұрғын үй қорын энергетикалық жаңғырту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Еуроодақты жаңғырту жөніндегі жобалардың өкілдері мен жетекшілері, Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер мен сарапшылар маңызды аспектілерді талқылады. Соның ішінде стратегияны, ғимараттарды жаңғырту жөніндегі орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар таныстырылды, Қазақстанға ғимараттар қорын жаңғыртуды, энергетикалық жаңғыртуды ұйымдастыру үшін қандай халықаралық ноу-хау қажеттігі айтылды.

 Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур Еуроодақ парниктік газдар шығарындыларын 90-шы жылдармен салыстырғанда 2030 жылға қарай кемінде 55 пайызға тоқтатуға және айналмалы экономикаға көшуге міндеттеме алғанын атап өтті. Оның айтуынша, ғимарат жалпы энергия тұтынудың шамамен 35-40 пайызын пайдаланады. Сондықтан Еуроодақ энергия тиімділігін арттыру және энергия тұтынуды азайту, құрылыстағы парниктік газдарды азайту мөлшерін қабылдады. Ал ЕО сарапшылары тәжірибелерін бөлісуге дайын.

 «Осындай күрделі мәселені шешу үшін қазба отынынан бас тарта отырып, энергетика секторын толық трансформациялау ғана емес, сонымен қатар біздің өнеркәсіпті қайта құрылымдау қажет. Ірі инвестициялар, сондай-ақ экономика құрылымында және тұтынушылардың мінез-құлқындағы өзгерістер қажет. Бірақ біз жасыл энергияға ауысы биоәртүрлілік пен халықтың денсаулығын қорғауда экономикалық дамуға, жұмыс орындарын құруға және азық-түлік қауіпсіздігіне жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз. Осы бағытта Осы тұрғыда  Қазақстанның 2026 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу амбициясын құптаймыз және өз тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз. Қазақстанда жылжымайтын мүлікті басқару секторларын қоса алғанда, тұрақты экономика мен өмір салтын қамтамасыз ету үшін заманауи шешімдер қажет. Энергия тиімділігі саласында, әсіресе көпқабатты ғимараттарда ілгерлеудін бірнеше алғышарттары бар... Еуроодақ елдерінің көп жылдық тәжірибесі Қазақстан үшін өте пайдалы болуы мүмкін. Бірақ алдымен модернизация құрылымы үшін заңнамалық нормалар қажет. Бізде барлық салада, әсіресе көлік, цифрлық сала және климаттық энергетика салаларында одан әрі нығайту бойынша үлкен жоспарларымыз бар... Бүгін біз үйлердегі энергия тиімділігі туралы айтып отырмыз. Бұл Орта Азия мен Еуроодақтағы маңызды тақырып, өйткені бұл сектордағы шығарындылардың басым бөлігі үйлердегі энергия тиімділігіне қатысты», – деді Йоханнес Баур.

 Энергетикалық санация үшін тұрғын үйді сауатты және тиімді басқару өте маңызды. Қазір Қазақстан мен Өзбекстанда PROMHOUSE жобасы іске асырылып жатыр. Оның серіктестері «Шығыс Еуропадағы тұрғын үй шаруашылығы бастамасы» және «Шаңырақ» тұрғын үй саласындағы басқару, сервис және энергосервис субъектілерінің қауымдастығы. ЕО қаржыландыратын PROMHOUSE жобасының мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстандағы тұрғын үй қорын басқару секторындағы жеке компаниялардың мүмкіндіктерін кеңейту және нығайту жолымен Орта Азиядағы жеке секторды дамыту және экономиканы әртараптандыруды ынталандыру болып отыр. Жоба жетекшісі Лариса Шреккенбах жоба туралы егжей-тегжей айтып, қазақстандық әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді.

«Біз ортақ мақсат – Қазақстан мен Өзбекстанда тұрғын үй қорын басқару саласында шағын және орта бизнесті дамытуды жүзеге асырғымыз келеді. Жобаның екі негізгі жаһандық міндеті бар. Бірінші міндет –бизнес-делдалдық ұйымдар, яғни қауымдастықтардың әлеуетін арттыру. Бұл олардың ұйымдастырушылық, институционалдық мүмкіндіктерін дамыту, кәсібилігін арттыру, БПҰ қызметтерін дамыту, сондай-ақ тұрғын үй саясаты бойынша шешім қабылдау процесіне қатысуын арттыру. Екінші міндет-кәсіптік білім беруді дамыту, кәсіптік стандарттар мен бағдарламаларды әзірлеу. Біз бастапқыда көппәтерлі тұрғын үй менеджері ретінде мамандықты басқаруды мақсат етіп қойдық. Содан кейін оған үй шебері мамандығы қосылды. Үй шебері басқарушы компанияның шығындарын үнемдейді. Сондықтан бұл мамандықты Өзбекстанда да, Қазақстанда да жүргізу туралы шешім қабылданды. Білім беру бағдарламаларының кәсіби стандарттарын енгізу осы міндетке жатады және колледждермен жұмыс. Біз жобада кәсіптік колледждердің осы мамандығы бойынша алғашқы оқушыларды жинау бойынша мақсат қойдық», – деді Лариса Шреккенбах.

«Шаңырақ» тұрғын үй саласындағы басқару, сервис және энергосервис субъектілері қауымдастығының басқарма төрағасы Сәкен Махамбетов жоба шеңберінде осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесін айтты. Оның айтуынша, Қазақстан салалық біліктілік шеңберінде Еуропалық біліктілік моделіне көшіп жатыр. Бұл нормаларды Қазақстанның жоғарғы палатасының депутаттары қарап жатыр.

 «Біз салалық біліктілік шегін жаздық: бұл құрылыс, коммуналдық қызметтер және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының ғимараттарын пайдалану. Бізге ТКШ салалық шеңберін жазу тапсырылды. Біз оветтік көзқарастан аулақ болуға тырыстық және бұл саланы екі кіші салаға: коммуналдық қызметтер және ғимараттарды пайдалануға бөлдік. Сондай-ақ, біз оларды коммерциялық және тұрғын үйлерге бөлген жоқпыз. Бұдан әрі салалық біліктілік шеңберінен кейін Қазақстан біліктіліктің Еуропалық моделіне көшеді. Тиісті заң жобасы Сенатта», – деді Сәкен Махамбетов.

 Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы Felicity II жобасының ұлттық үйлестірушісі Расул Амергужин тұрғын үй секторындағы энергия тиімділігін арттыру, қалалардағы тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларды дайындау туралы айтты. Халықаралық тәжірибе, соның ішінде Литвадағы көппәтерлі үйлерді жаңғырту туралы ғимараттардағы энергия тиімділігі жөніндегі халықаралық сарапшы Валиус Сербент айтты.

Ғимараттардың энергия тиімділігі, жылыту және салқындату жүйелерінің тұрақтылығы тек декарбонизация үшін ғана емес, сонымен қатар халықтың денсаулығын жақсарту, ғимараттардың жайлылығын арттыру және энергия шығындарын азайту (тарифті төмендету) үшін қажетті шарттарға жатады. Энергетикалық жаңғыртуды жүргізу оң әсерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Неміс энергетикалық агенттігінің (dena) «Халықаралық контексттегі құрылыс» бөлімінің басшысы Тило Кунц Германияның энергетикалық агенттігінің Қазақстандағы қызметі туралы хабардар етті. Ол саясат құралдары ‒ пәтер иелерін жөндеуге қалай ынталандыру керектігі туралы; тұрғын үйлерді энергетикалық жаңғырту бойынша пилоттық жобаларды жүргізудің маңыздылығы – тұрғын үй жылжымайтын мүлік иелерін қаржыландыруға қаржылық қолдауды қалыптастыру үшін негіз туралы айтты.

 Айта кетейік, PROMHOUSE жобасы 2020 жылдың қаңтарынан (2023 жылдың маусымына дейін) жүзеге асырылды. Қазақстан мен Өзбекстанда корпоративтік мүддеге өкілдік ету бойынша шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен салалық қауымдастықтар үшін мүмкіндіктер кеңейтіліп, олардың тұрғын үй саясаты бойынша шешімдер қабылдау үдерістеріне белсенді қатысуы көтермеленеді. Тұрғын үй қорын басқару саласындағы кәсібилік, сондай-ақ ШОБ үшін кәсіптік даярлықты және біліктілікті арттыруды қамтамасыз ету үшін бейінді қауымдастықтар үшін ұйымдастырушылық және институционалдық мүмкіндіктерді арттыру қажет. Орта мерзімді перспективада тұрғын үй қорын басқарушыларды кәсіптік білім беру және даярлау ОА кәсіптік оқу орындарында жүзеге асырылуға тиіс. Жаңа жұмыс орындарын құру және ШОБ дамыту мақсатында кәсіпкерлер мен жұмыс іздеп жүрген адамдардың кәсіби мүмкіндіктерін арттыру қажет. Инновациялар ғимараттарға, технологияларға, материалдарға қызмет көрсету және іскерлік байланыс желісін құру, сондай-ақ жергілікті кластерлерге қатысу мәселелерінде жаңа тәсілдерді енгізу арқылы қолдау табады, осылайша еуропалық және жергілікті кәсіби қауымдастықтар мен жергілікті билік органдары арасындағы байланыстар мен серіктестік желілер нығайтылады.

 Жоба туралы толығырақ сілтемеде: http://www.iwoev.org/ru/promhouse

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер