«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана әкімдігі бөлшек салықты 3%-ға дейін төмендетуге дайын

2023 жылғы 23 Маусым
- Астана қаласы
8643 просмотров

Бюджеттегі ықтимал шығындарды талдай отырып, елорда билігі Астана қаласының шағын және микро бизнесі үшін бөлшек салық мөлшерлемесін 4-тен 3%-ға дейін төмендетуге болады деп санайды.

Бұл туралы бүгін Астана қаласы VIII шақырылған мәслихат депутаттарының Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен елордалық бизнеспен кездесуінде Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров мәлімдеді. Ол қазіргі уақытта елордада, қаланың МКД мәліметтері бойынша, 63 мыңнан астам салық төлеуші бөлшек сауда салығын қолдануы мүмкін екенін атап өтті.

«Түрлі режимдерді қолданатын кәсіпкерлердің кең ауқымы үшін салық салудың бірыңғай қағидатын қолдану үшін бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 3%-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Алдын ала есептеулер бойынша бұл шара кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайтуға және салық түсімдерінің жоғалту ықтималдығын болдырмауға мүмкіндік береді», – деді Қуаныш Сапаров.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев бұған дейін шағын және миро бизнесте жұмыс істейтін елордалық кәсіпкерлер мәслихаттан өз құқығын пайдалану және бөлшек сауда салығын 50%-ға, яғни 4-тен 2%-ға дейін төмендетуді сұрағанын атап өтті. Кәсіпкерлер олардың көпшілігі табыстың 3% мөлшерінде салық мөлшерлемесін көздейтін жеңілдетілген салық режимі бойынша жұмыс істейтінін, яғни бөлшек салықты қолдану оларға салық аударымдарының ұлғаюына қауіп төндіретінін атап өтті.

«Бүгінгі таңда жақсы мысал бар – Қарағанды облысының екі ауданы мөлшерлемені 4-тен 2%-ға дейін төмендетті. Біздің мәслихат 1 шілдеге дейін шешім қабылдауы тиіс. Мөлшерлеме 2 немесе 3% болады», – деп атап өтті Бейсен Жолболдиев.

Сонымен қатар, ол мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендетуді тиімсіз деп санайды, өйткені бизнес үшін ештеңе өзгермейді.

«Салықтың 50%-дан астамы шағын және орта бизнестен келеді. Ал соңғы үш жылда ШОБ ҚҚС-тан босатылған кезде елордада кәсіпкерлер саны бірнеше есе өсті. Өткен жылдың өзінде 40 мың жаңа кәсіпкерлік субъект пайда болды. Бізде мұндай көрсеткіштер болған жоқ, жылына орта есеппен 8-10 мың өсім болды. Біз кейбір кәсіпкерлердің көлеңкеден шығып кеткенін түсінеміз. Қазір біз 2%-ға шығатын болсақ, бюджеттің түсімдер жеткіліксіз болатыны, мүмкін, керісінше, салық аударымдарының өсуі болады деп айтамыз», – деп атап өтті елордалық кәсіпкерлер палатасының директоры.

Талқылау барысында кәсіпкерлер бөлшек салық мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету көлеңкеде жұмыс істейтіндер үшін жақсы ынталандыру болатынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін елорда әкімдігі МКД шартты шығындарға қажетті талдау жүргізетінін айтқан болатын. Нәтижесінде, Астана қ. МҚД ақпараты бойынша, төлеушілер келесі мөлшерлемені қолдану кезінде бөлшек салыққа ауысқан жағдайда бюджетке түсетін түсімдер шамамен былай құралады:

- 4% мөлшерлемемен – 38,4 млрд теңге немесе 9,6 млрд теңгеге өсім;

- 3% мөлшерлемемен – 28,8 млрд теңге, сол деңгейде;

- 2% мөлшерлемемен – 19,2 млрд теңге немесе 9,6 млрд теңгеге шығын.

Еске салсақ, бөлшек салық ҚҚС-тан, әлеуметтік салықтан босату және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеудің ерекше тәртібін қарастырады.  Жеке тұлғаларға сатудан түскен кірістер бойынша 4% және заңды тұлғаларға сатудан түскен кірістер бойынша 8%. Бұл ретте, мәслихат шешімімен жеке тұлғаларға сатудан түскен кірістер бойынша мөлшерлемені 50%-ға дейін төмендету мүмкіндігі бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер