«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды депутаттары бөлшек салық мөлшерлемесін екі есе төмендетті

2023 жылғы 23 Маусым
- Қарағанды облысы
8239 просмотров

Осы жылдың наурызында  түзетулер қабылданып, оған сәйкес жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылда 2 млрд теңгеден аспайтын кәсіпкерлер бөлшек салықты қолдана алады. Бөлшек салық жеке тұлғаларға сатылған кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8% мөлшерлемеде төленеді. Қалалар мен ауылдық жерлерде қызмет түрі және объектінің орналасқан жеріне байланысты бизнесті жүргізудің түрлі шарттары бар екенін ескере отырып, мәслихаттар бөлшек салық мөлшерлемесін екі есе төмендетуге мүмкіндік алды.

Бөлшек салық мөлшерлемесін 50%-ға төмендету туралы шешімді Қарағанды облысы Шет және Абай аудандары мәслихатының депутаттары алғашқы болып қолдады. Сондай-ақ, бастаманы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев пен қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары да қолдады.

 «Біздің мәслихат бөлшек салық мөлшерлемесін 2 пайыз деңгейде болуын бірауыздан қолдады. Бұл мәседе мәслихаттар құзыретіне беріргендіктен біз жергілікті бизнеске қолдау көрсете алдық», - деді Шет аудандық мәслихатының төрағасы Саят Социал.

Еске салсақ, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес, атап айтқанда үй жанындағы дүкендер мен қоғамдық тамақтану өкілдері әлеуметтік маңызы бар тауарларға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Сондай-ақ, мәселені Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы ШОБ және сауда комитетінің мүшелері көтерді.

«Біз бүгін заңды құқықты қолдандық және шағын бизнес үшін бөлшек салық мөлшерлемесін 4% - дан 2% - ға дейін төмендету туралы шешім қабылдадық. Бұл біздің микро және шағын бизнесіміз үшін 190 қызмет түрі бойынша жеңілдік болады», – деп хабарлады Абай аудандық мәслихат депутаты Елена  Сутягина.

 Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісовтің айтуынша, бөлшек салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету мәселесін шешу үшін есеп айырысу және шешімдер әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылған. Жалпы, Қарағанды облысы бойынша мөлшерлеменің төмендеуін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев қолдады.

«Менің сусындар сататын шағын дүкенім бар. Жұмыс істеп жатқанымызға биыл екінші жыл болды. Алты жерлесімді жұмысқа орналастырдым. Бөлшек салық мөлшерлемесінің төмендегеніне қуаныштымын. Бұл кәсіпкерлер үшін зор көмек. Мысалы, табысымның 60%-дан астамы сатушылардың еңбекақысы, коммуналдық төлемдер, салықтарға және басқа шығындарды төлеуге кетеді. Айналым қаражаты қалдық принципі бойынша толықтырылды. Енді мен айналымды ұлғайтуды жоспарлап отырмын, өйткені  бөлшек салық мөлшерлемесі төмендесе, табысым айтарлықтай өсуі мүмкін», – деп атап өтті Абай қаласының кәсіпкері Ринат Сәлтаев.

Еске салсақ,  бөлшек салық – жеке кәсіпкерлік және ЖШС үшін жаңа арнайы салық режимі.  Оны 190 қызмет түрі бойынша 35 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері пайдалана алады. Бұл ретте кәсіпорныда қызметкерлер саны 200 адамнан артық емес, ал жылдық табыс 600 мың АЕК-тен аспауға тиіс. Бөлшек салықтың төмендетілген мөлшерлемесін қолдану 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде енгізіледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер