«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы табысты іске асса, мектептердегі орын тапшылығы 6 мыңға дейін төмендейді

2023 жылғы 21 Маусым
- Алматы қаласы
8970 просмотров

Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Білім беру кеңесінің кезекті отырысында айтылды.

Алматы қаласы ӨКП басқарушы директоры Ақеркін Ералиева Кеңес жұмысын бастап, төрт бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Төрт бағыт бойынша осындай конструктивті диалог жүргізу үшін біздің кеңесте үш комиссия болады: мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, техникалық және жоғары білім. Осындай кең форматта білім беру деңгейлерінің барлық өкілдері айына бір рет кездеседі. Бірақ біз өзекті жұмыс мәселелерін күн сайын талқылауға дайынбыз», – деп атап өтті Ақеркін Ералиева.

Спикер кеңес мүшелері бір-бірімен жақынырақ танысып, іскерлік байланыс орнатуы үшін жиналыстарды оқу орындары базасында ұйымдастыруды ұсынды.

Кеңес қатысушылары білім беру саласындағы ең өзекті мәселе – оқушы орындарының тапшылығы екенін атап өтті. Мұның басты себебі Алматыдағы ішкі және сыртқы көші-қон қарқыны дейді мамандар. Ресми мәліметтер бойынша, Алматыда мектеп оқу орындарының тапшылығы 27 мың орынды құрайды. Жыл сайын мегаполисте балалар саны орта есеппен 12-14 мың балаға артып келеді.

Мамандардың пікірінше, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы тапшылық айтарлықтай азаяды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын табысты іске асыру кезінде орын санының жеткіліксіздігі басқарылатын  тапшылыққа – 5-тен 6 мың орынға дейін төмендетілетін болады. Алматы қаласы үшін бұл қалыпты жағдай. Көші-қонды ескере отырып, тапшылық мүлдем болмайды деп айта алмаймыз», – деп атап өтті Алматы қаласы білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова.

Спикер барлық мектепке белгілі бір көшелер бекітілгенін айтты. Олар микро учаскелер деп аталады.

«Бүкіл қала картасын шағын микро аудандарға бөлінген. Мұнда мектептерге қадамдық қол жетімділік ескеріледі. Біз жүктемені түсіру үшін шамадан тыс жүктелген мектептердің учаскелерін қайта қарастырдық. Егер жақын жерде балаларды қабылдай алатын басқа мектеп болса, онда біз кейбір көшелерді сол мектепке бағыттаймыз. Бұл да жұмыс тиімділігіндегі жақсы шаралардың бірі», – деп атап өтті Ақмарал Айтуарова.

Білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыда 214 мемлекеттік мектеп, 99 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Жалпы контингент 320 601 оқушыны құрайды, оның ішінде 28 мың бала жеке мектептерде оқиды.

2019 жылы мемлекеттік мектептер жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшті. Жекеменшік мектептер 2019 жылдан бастап Астана қаласының «Қаржы орталығы» арқылы мемлекеттік тапсырыс алады. «Қаржы орталығының» интернет-ресурсындағы барлық ақпарат ашық жарияланған.

Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің басшысы Әлия Сағиева мектепке дейінгі ұйымдармен болған жағдай туралы айтты.

«Бүгінгі таңда бізде Алматы қаласы бойынша 900 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішінде 193 мемлекеттік және қалған 707 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым. Жыл сайын бізде шамамен 58 000 млрд теңге бөлінеді. Оның жартысы, шамамен 27 000 млрд теңге, біз жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға бөлеміз. Мен «Атамекенге» алғыс айтқым келеді. Біз Палатамен  тығыз жұмыс істеп келеміз, – деді Әлия Сағиева.

Жиында білім беру мазмұны да атап өтілді. Колледждердің статусына қатысты Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жанар Рысбекова пікір білдірді.

«Колледждер бейресми білім беру қағидаттарын ескере отырып, сұраныста болады. Қазір сарапшылар колледжде оқып, содан кейін Google-да немесе басқа ресурстарда кейбір модульдерді оқып алу жеткілікті дейді. Осы модульдердің арқасында жоғары білім алуға болады деп ойлайды. Осы курстардың барлығын ескере отырып, негізгі орта арнайы білім жоғары білімге есептелгенге дейін барады. Болашақта олар жоғары білімді қамтиды деп күтеді. Жоспарлау кезінде арнайы орта білімді нащарсыз қалдырмауды сұраймыз. Өйткені жоғары білімге лицензия алу қиынырақ», – деді Жанар Рысбекова.

Алматы қаласы ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Жанар Ибрагимова білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мәселелері туралы айтты.

Осы жылдың 9 қаңтарынан 27 ақпанына дейін 2023-2025 жылдарға арналған кадрларға қажеттілікке байланысты сауалнама жүргізілді. Оған ҚР бойынша 51,2 мың кәсіпкерлік субъекті қатысты, оның ішінде 13,1 мың кәсіпорын кадрларға қажеттілікті көрсетті. Алматы қаласы бойынша сауалнамаға 5 285 компания қатысты, олардағы жұмысшылар саны 288 537 адам.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Атамекен ӨКП, ҰКП ұсыныстарын ескере отырып, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады. Мәселен, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының тікелей қатысуымен 2022 жылы қалалық комиссия отырысында алғаш рет жеке медициналық колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім қабылданды. Осылайша 5 жекеменшік медицина колледжі мемлекеттік тапсырыс алды», – деді Жанар Ибрагимова.

Биыл конкурс қорытындысы бойынша 16500 орынға 57 өтінім (мемлекеттік – 22, жеке - 35) мақұлданды.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов кеңестің жұмысын бірнеше жұмыс тобына бөлуді ұсынды.

«Осылайша біз сала мәселелерін нақты қарастыра аламыз, уақыт пен ресурстарды тиімді пайдаланып, өзекті мәселелерді шеше аламыз. Біз қазір басқа салалық кеңестердің жұмыс топтарының тиімді жұмысын көріп отырмыз. Топ құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, кеңес мүшелері, сондай–ақ саланың проблемаларына бей-жай қарамайтын адамдар кіре алады», – деп атап өтті Әуез Тәймбетов.

Палата төрағасы Кеңес қатысушыларын жұмысқа белсенді қатысуға шақырды. Өйткені олар саланың барлық мәселесін біледі және оларды шеше алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер