«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата Қазақстанның іскерлік ахуалын жақсарту үшін азаматтар мен кәсіпкерлер арасында онлайн-сауалнаманы бастады

2023 жылғы 30 Маусым
8011 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (әрі қарай – ҰКП) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР 2013 жылғы 4 шілдедегі № 129-V заңы 10-бабының 2-тармағына сәйкес жыл сайын «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингін өткізеді.

Зерттеудің мақсаты сауалнама және статистикалық деректер негізінде Қазақстан өңірлерінде бизнесті жүргізу жағдайын талдау және салыстыру. Зерттеу нәтижелері бойынша ҰКП және мемлекеттік органдар үшін Қазақстандағы іскерлік ахуалды жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

Биыл сауалнама онлайн форматта өтеді. Демек, зерттеуге респонденттердің кең ауқымы қатыса алады. 

Сауалнамаға қатысқан әр адамның пікірі Қазақстанда кәсіпкерлікті одан әрі дамытуда рөл атқара алады.

 Сауалнамаға қатысам деуші азаматтар сілтемені басу арқылы компьютер емесе смартфоны арқылы анкетаны толтыра алады. 

 Әрі қарай респонденттер бернеше оңай сұрақа жауап береді: 

1. Анкетаның екі нұсқасынан біреуін таңдаңыз. 

2. Өзіңіз тұратын немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысып жатқан өңірді таңдаңыз.

Сайт  сізді Google Forms форматындағы анкета жүктелген парақшаға бағыттайды. 

3. Сауалнама формасын толтырыңыз. 

4. Аяқтау үшін «Жіберу» түймесін басыңыз. 

Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алдын ала алғыс айтамыз және пікіріңіздің құпиялылығына кепілдік береміз!

 Барлық жауап өңделіп, жалпылама түрде ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер