«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістанда кәсіпкерлер бөлшек салықтың арнаулы салық режимі бойынша салықтық мөлшерлемесін төмендетуді сұрады

2023 жылғы 16 Маусым
- Түркістан облысы
5720 просмотров

 

Бұл туралы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы «Сауда және қызмет көрсету кеңесінің» кезекті отырысында Өңірлік кеңес мүшесі Инара Намазбаева талқылады.

 

«ҚР Салық кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес жергілікті өкілді органдардың белгіленген мөлшерлемені қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқығы бар. Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдайды, ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Бұл жеңілдік ШОБ үшін негізгі мәселе болып табылады. Осы негізде, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша ШОБ субъектілерін салық төлеуге ынталандыру мақсатында заңда көзделген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, бөлшек салық ставкасын 50 пайызға төмендетілген мөлшерін бекіту мәселесін жергілікті маслихаттардың қарауына ұсынамыз», – деді  Инара Намазбаева.

 

Жиынға Түркістан облысындағы жергілікті мәслихат төрағалары, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдар, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығы және кәсіпкерлер қатысты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер