«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық «Атамекенге» ауыл тұрғындары жеңілдетілген несие алу кезіндегі қиындықтар туралы айтып берді

2023 жылғы 16 Маусым
- Павлодар облысы
6167 просмотров

«Атамекен» Павлодар өңірлік палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (КҚКО) қызметкерлері Май ауданының «Армандастар» жастар орталығында «Кәсіпкерге бағыт», «Ауыл аманаты» кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыру және жастар бағдарламасы бойынша несиелеу туралы халыққа ақпараттық - түсіндіру кездесуін өткізді.

Кәсіпкерлер палатасының тәлімгері Жұлдыз Малдыбаева, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері жөніндегі менеджер-консультант Айгүл Маймышева мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуды жеңілдетілген несиелендірудің барлық бағыттарының, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтары мен ауылдық өндірістік кооперативтердің айналым қаражатын толықтырудың тақырыптық тұсаукесерін жасады.

«Кездесуге қатысушыларды несиелік бюродан міндетті талап болып табылатын ақпарат беру мәселесі алаңдатты. Алайда, мұнымен қатар жағымсыз несие тарихымен қиындықтар туындайды, бұл жеңілдетілген несие алу мүмкіндігін азайтады. Несие алуға өтініш берген кезде жылжымайтын мүлік оны алудың кепілі болады, сондықтан оң несие тарихының болуы мақсатқа сай екендігі туралы сұрақ туындайды», - деп хабарлады Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының КҚКО.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер