«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

2023 жылғы 15 Маусым
- Шымкент қаласы
9928 просмотров

Шымкентте кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығының (КҚКО) ашылуы өтті. Бұл «Атамекен» Ұлттық палатасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арасындағы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы» жобасын іске асыру шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумның аясында және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдаумен жүзеге асты.

Ашылу салтанатына «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қалалық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков және «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиал директорының міндетін атқарушы Қайрат Меңлібеков қатысты.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековтың айтуынша, Шымкенттегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы – еліміздегі екінші КҚКО. Біріншісі жақында Астанада пилоттық режимде ашылды. Болашақта мұндай орталықтар бүкіл Қазақстан бойынша ашылады.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығын ашу - Президентіміздің Бизнес үшін үкімет құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы кезекті қадам. Кәсіпкерлер енді барлық қызметтерді бір жерде және бір өтініш бойынша ала алады. Яғни, сервистік қызметтерден басқа, кәсіпкер заңды тұлғаны тіркеу, жылжымайтын мүлік құжаттарын заңдастыру, лицензиялаудың әртүрлі түрлері, рұқсат беру құжаттары және т. б. сияқты мемлекеттік қызметтерді ала алады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталықтарын енгізу халықтың кәсіпкерлік сауаттылығын арттыруға, барлық кезеңдерде кәсіпкерлерді кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ бір терезе қағидаты бойынша барлық қызметтерді алуға көмектеседі», - деді Тимур Нақыпбеков.

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиал директорының міндетін атқарушы Қайрат Меңлібековтың айтуынша, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ХҚКО қызметкерлері азаматтарға бизнес жоспарларын іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсететін болады.

«Жаңа орталықта заңды тұлғалар 800-ден астам қызмет түрлерін ала алады. Оның ішінде ЖШС ашу, рұқсат құжаттарын ресімдеу сияқты мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Қызметкерлер кеңес көрсетіп қана қоймай, кәсіпкерлерді ХҚКО-ға барудан босатып, барлық қызметтерді өз бетінше қалыптастырады. Содан кейін дайын құжаттар кәсіпкерге жеткізу қызметі арқылы жіберіледі.», - деп атап өтті  Қайрат Меңлібеков.

Айта кету керек, барлық қызметтер Мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес мерзімде ұсынылатын болады. Өтініштерді барынша оң шешу үшін КҚКО-да сүйемелдеу көзделген.

Осылайша, «бір терезе» қағидаты бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығында 958 қызмет қолжетімді болады, оның 860 – мемлекеттік қызметтер, ал 98 – қаржы институттарының сервистік қызметтері мен қызметтері. Жоба бизнес-идея пайда болған сәттен бастап жобаны қаржыландыру мен іске асыруға дейін бизнесті дамытудың барлық кезеңдерінде жұмыс істеп тұрған бизнес пен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кешенді сүйемелдеуге бағытталған.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы мына мекен-жайда орналасқан: Шымкент қаласы, «Солтүстік-Шығыс» ш/а, Ерімбетов көшесі, 304 Г, «Заңғар» бизнес-орталығы, 1 қабат.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер