«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытайдың ENFI компаниясы тау-металлургия кешеніндегі тәжірибесін бөлісті

2023 жылғы 14 Маусым
4264 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында қытайлық «ENFI» инжинирингтік компаниясы мен Қазақстанның тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының бірлескен кеңесі өтті.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының кеңесшісі, «Атамекен» ҰКП жанындағы тау-кен металлургия саласы бойынша сараптамалық топтың жетекшісі Жандос Әбішев Қытайдың бизнес-қоғамдастығы Орта Азия және Қазақстанның кәсіпкерлерімен нәтижелі ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін атап өтті.

 «Кездесудің мақсаты – Қазақстан экономикасын нығайту, тау-кен металлургия секторын дамыту және ТМК компаниялары жұмысының тиімділігін арттыру үшін «China ENFI Engineering Technology Co» (ENFI) компаниясымен ынтымақтастық әлеуетін пайдалану. Ұлттық палатаның алаңы жиналыс өткізу орны ретінде таңдалды. Өйткені Палата Қазақстанның тау-кен металлургия кешенін дамытуға үлкен мән береді. ҰКП түйткілді мәселелерді шешуге ықпал ету және саланы одан әрі дамыту бойынша бірлескен шешімдер әзірлей отырып, ТМК-дағы барлық бизнес субъектімен жұмыс жүргізіп жатыр. ҰКП жанынан геологиялық сала, тау-кен, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі комитеті, қосалқы комитеттер және сараптамалық топ белсенді жұмыс істейді. Шын мәнінде, ҰКП отандық ТМК ойыншыларын тартудың өзіндік орталығына айналды, оларға саланың осы немесе өзге де түйткілді мәселелерін тиімді шешуге көмектесті», – деді спикер.

Жандос Әбішев қытайлық қонақты ТМК-ның ірі қазақстандық компаниялары – Қазмырыш, Қазақмыс, KAZ Minerals және ERG тобы қызметінің негізгі бағыттары туралы қысқаша ақпарат берді.

  ENFI вице-президенті Цзоу Цинчжи биыл құрылғанына 70 жыл толатын ENFI компаниясы туралы айтты. ENFI компаниясы минералды шикізат, түсті және қара металдарды жеткізуге маманданған «China minmetals Corporation» Қытайдың ең ірі мемлекеттік компаниясының еншілес кәсіпорны және Форбс тізімінде 58-ші орында тұрған әлемдегі ең ірі 100 компанияның қатарына кіреді.

ENFI – ҚХР Үкіметімен үйлестіре отырып көптеген халықаралық жобаны іске асырып жатқан Қытайдағы ең ірі инженерлік компания. ENFI қызметінің негізгі бағыттары – геология, түсті металлургия саласында өндіру, байыту және қайта өңдеу. Біз Қытайда ғана емес, әлемде де жетекші компания саналатын «China Minmetals Corporation» компаниясының толық басқаруындамыз. Біз жұмыстар мен қызметтердің барлық спектрін ұсына аламыз – жобалау, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсету және жаңа және қолданыстағы жобаларды іске асыруға жәрдемдесуй, – деді Цзоу Цинчжи.

 Компания құрылғанынан бастап 40-тан астам ел мен аймақтардағы 12000-ға жуық жобаға қатысты.

 «Қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнаған жағдайда біз жергілікті заңнама талаптарына сәйкес бірлескен жобаларды өте жылдам жүзеге асыра аламыз. Біздің компания түрлі-түсті металлургия саласындағы қызметтердің кең спектрін ұсына алады және өзіндік басқару орталығы ретінде әрекет ете алады. Атап айтқанда, бізде озық технологиялар, қолданыстағы жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі бар, біз күрделі кен орындарын игеруге жәрдемдесу бойынша тәуекелдерді өзімізге ала аламыз, сондай-ақ ТМК-да жаңа перспективалы жобаларға инвестиция сала аламыз», – деп жоспарларын бөлісті ENFI вице-президенті.

Цзоу Цинчжи Қазмырыш, Қазақмыс және ТМК-ның басқа да компанияларымен инжинирингтік қызметтер көрсету және жобаларды қаржыландыру бөлігінде ғана емес, сонымен қатар экологиялық талаптарға сәйкес қоршаған ортаға әсерді төмендету жөніндегі бірлескен шешімдерді іске асыру жолымен ынтымақтастыққа мүдделілік білдірді.

Цзоу Цинчжи ENFI компаниясы белгілі бір жобаның ерекшеліктеріне байланысты жұмыстарды орындаудың жоғары сапасына және технологияларды таңдауда жеке тәсілдемеге кепілдік беретінін атап өтті.

«Қазақстандық ТМК компанияларының өкілдері бізге қолданыстағы және іске асыруға жоспарланған жобалар шеңберінде ынтымақтастық мүмкіндігі туралы ақпарат беруін ұсынамыз. Өз тарапымыздан сұрақтар туындаған жағдайда қосымша кеңейтілген ақпарат беруге дайынбыз», – деді спикер.

Жандос Әбішев кездесуге қатысушыларды екі тарап Қазақстанда бірлескен ғылыми-технологиялық орталық немесе басқаша айтқанда, инжинирингтік ТМК хабын құруға қызығушылық білдіргені туралы хабардар етті.

«Қазақстандық және қытайлық екі тарап та осы бағыттағы ынтымақтастықтың зор келешегін көріп отыр. Қазақстандық тарап ҰКП арқылы ТМК-да перспективалы жобалар туралы ақпарат жинайды, оларға талдау жүргізеді және Қытай тарапына жиынтық тізім ұсынады. Қытайлық тарап жергілікті өндірістік кәсіпорындарға жақындау, қазақстандық ТМК кәсіпорындарының сұраныстарына тезірек жауап беру үшін Қазақстанда тиісті инжинирингтік хаб құру қажеттілігі қалай және қашан туындайтынын түсінуі үшін біраз уақыт қажет болады», – деп атап өтті Жандос Әбішев.

Қорытындылай келе, Жандос Әбішев ҚХР-дан келген қонаққа және кеңеске қатысқан қазақстандық кәсіпорындардың өкілдеріне алғысын білдірді. Цзоу Цинчжи қазақстандық әріптестерін жақын арада Қытайға барып, озық қытай компанияларының жұмыс тәжірибесімен танысуға шақырды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер