«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістан облысының прокуратурасы және кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды

2023 жылғы 13 Маусым
- Түркістан облысы
8881 просмотров

2023 жылдың 13 маусым күні Түркістан облысының прокуроры М.Тлеубердиевтің бастамасымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және ірі кәсіпкерлермен кездесу өтті.


Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Ибадуллаев, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлар қатысты («Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Саутс-Ойл» ЖШС, «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС, «АҚ-ЖОЛ» ЖШС және т.б.).


Күн тәртібі бойынша бизнесті қорғау бағытындағы прокуратура органдарының жұмыс нәтижелері мен алдағы міндеттері тыңдалып өңіріміздегі бизнес-климаттың ахуалы талқыланды.
Атап айтқанда:
І.    Қылмыстық және азаматтық процестерде бизнесті қорғау жөніндегі прокуратура органдарының жұмыс нәтижелері мен алдағы міндеттері туралы;
ІІ.   Өңіріміздегі бизнес-климаттың ахуалын талқылау;
ІІІ.  Меморандумға қол қою.

2023 жылдың 5 айында облыстың прокуратура органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалған,  42 лауазымды тұлға түрлі жауаптылыққа тартылды, 7 заңсыз тексеру фактісі анықталды, 100-ден астам әкімшілік істердің күші жойылды.


Мемлекет басшысы прокуратура органдарына басымды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл прокурорлық қадағалаудың жаңа бағыты.
Осыған орай «ECOCULTURE-EURASIA» және «Саутс-Ойл» ЖШС басшыларының инвестициялық жобалары қаралды.
Жиынның қорытындысы бойынша Түркістан облысының прокуратурасы және кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
Бизнесті қорғау бағыты облыс прокуратурасының бақылауында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер