62 жайлы мектепті жобалау мен салуға қайта конкурс жарияланды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 62 жайлы мектепті жобалау мен салуға қайта конкурс жариялағаны туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау бүгін басталды. Өтінімдер skcn.qaz.network онлайн-платформасында электрон түрде қабылданады. Тағы 24 мектеп бойынша байқау Үкіметтің №963 қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін жарияланады.
Бұған дейін 185 жайлы мектепті жобалау мен салуға арналған конкурстың қорытындысы белгілі болды. 118 объект бойынша мердігерлер анықталды, олармен жөндеуімен аяқталған құрылысқа 110келісімшарт жасалды. Қалған 8 объект бойынша келіп түскен шағымдарға байланысты тоқтатылды. 52 лот ке аспады деп танылды, тағы 15 лоттың күші жойылды.
Ұлттық жоба аясында барлығы 400-ге жуық жайлы мектеп салу жоспарланған. Объектілердің жартысынан көбі 2024 жылдың соңына дейін, қалғандары 2025 жылы тапсырылады. Жоба екі ауысымдық оқыту арқылы бүкіл ел бойынша 800 000-нан астам жаңа оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Жайлы мектептер сыйымдылығына байланысты 7 типті болады: 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000, 2500 орындық мектептер. Айта кетейік, мектептердің түпкілікті құны жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін белгілі болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: