Кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылады
Құрметті кәсіпкерлер!
Сіздерді 13 маусымда өтетін шағын және орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларының таныстырылымына шақырамыз.
Іс-шара барысында қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары, оларды қалай алуға болады және ол үшін не қажет екені туралы ақпарат ала аласыз.
Презентацияға қатысатын ұйымдар:
- Ұлттық экономика министрлігінің мамандары кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтады;
- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін қаржылай емес қолдау шаралары туралы ақпарат береді;
- «Даму» АҚ өкілдері Қордың субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдікпен несиелеу туралы әңгімелейді;
- Аграрлық несие корпорациясының өкілдері агроөнеркәсіп кешенін қолдау шараларын түсіндіреді;
- Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы-гранттық қаржыландыру алу мүмкіндіктерін баяндайды;
- «Kazakh Tourism» АҚ – туристік саладағы бизнесті қолдауға бағытталған құралды айтады;
- «Банк Центр Кредит» АҚ – несие беру, субсидиялау және кепілдік беру механизмі, қарыз алушыға қойылатын талаптар турал әңгімелейді;
- «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – экспорттаушылар үшін қолдау шаралары туралы айтады.
Тіркелуге сілтеме: https://forms.gle/hDpMzzFyQy2iFrNn7
Дәл сізге ыңғайлы болатын бағдарлама, мүмкіндік туралы ақпарат алуға келіңіз!
Күн: 13 маусым
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел д-лы, ЭКСПО аумағы, ASTANA HUB
С4.6 павильоны
Тікелей эфир «Атамекен» Youtube каналында көрсетіледі
Пікір қалдыру:
Пікірлер: