«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістанда «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша жеңімпаз болып танылған мердігерлер мен отандық тауар өндірушілердің B2B форматында кездесуі өтті

2023 жылғы 07 Маусым
- Түркістан облысы
4721 просмотров

Түркістан облысында 2023-2025 жылдар аралығында 63 заманауи стандартқа сәйкес жайлы мектептер салу жоспарлануда. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша конкурстық рәсімдердің қорытындысы нәтижесінде 2024 жылы қолданысқа берілетін 28 мектеп ішіндегі 19 мектептің құрылыс компаниялары анықталды. Қалған мектептер бойынша сатып алу процедуралары алдағы уақытта өткізілуі жоспарланды. Осыған байланысты, құрылыс материалдары мен жабдықтарын және жиһаз өндірушілер арасында «Құрылыс және ТКШ кеңесі», «Өңдеу өнеркәсібі» және «Білім және медицинаны дамыту кеңестерінің» бірлескен отырысы өтті. 

 

Кеңес отырысының негізгі мақсаты, отандық тауар өндірушілер мен жеңімпаз болып танылған мердігер компанияларын байланыстыру.

 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Сатып алу және жергілікті қамту бөлімі басшысының айтуынша, қазіргі таңда 19 мектептің құрылысын жүргізетін мердігер компаниялары үшін облыстың отандық тауар өндірушілерінің өндіру мүмкіндіктерімен таныстыру, құрылыс заттарына, жиһаз өнімдеріне қойылатын талаптарды анықтау қажеттілігі туындап отыр.

 

«Түркістан облысында 900-ға жуық құрылыс заттарын шығаратын отандық тауар өндірушілер тіркелген. Сондай-ақ, жиһаз өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың саны 600-ге жуық, оның ішінде, 1 ғана кәсіпорын «Серт» мүгедектер бірлестігі индустриалды сертификат алған», – деді Азамат Өтепов.

 

Кездесу барысында,  отандық тауар өндірушелер өз өнімдерімен таныстырып, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде әлеуметтік объектілерді салу кезінде отандық өндірістің құрылыс материалдарын пайдалану мәселелері қарастырылды.

 

Жиынға кәсіпкерлермен қоса Түркістан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның өкілдері қатысты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер