Қазақстан қор биржасы кәсіпкерлерге оқу семинарларын өткізеді
Қазақстан қор биржасы кәсіпкерлерді «KASE-ге қаржыландыруды тарту» оқу бағдарламасына шақырады. Бағдарлама барысында сарапшылар қор нарығында қаржыландыруды тарту құралдары және олардың артықшылықтары, компания капиталын басқару қағидаттары және компанияның даму сатысына байланысты қаржыландыру көздерін таңдау, сондай-ақ қор нарығында бағалы қағаздарды орналастыруға дайындық кезеңдері туралы ақпарат береді.
Өтетін күндері: 8-22 маусым аралығы. Форматы: 3 онлайн вебинар, аптасына бір рет 1,5 сағат.
Вебинар тақырыптары: 1 апта – Қор нарығында қаржыландыруды тарту құралдары және олардың артықшылықтары (08.06.2023 ж. 15.00.) 2 апта – Компанияның капиталын басқару және компанияның даму сатысына байланысты қаржыландыруды тарту тәсілдері (15.06.2023 ж. 15.00.) 3 апта – Қор нарығында бағалы қағаздарды орналастыруға дайындық кезеңдері (22.06.2023 ж. сағат 15.00.)
Оқу тегін.
Қатысу үшін онлайн-тіркеуден өту керек
Тіркелу үшін сілтеме:
Сұрақтар болса мына электрон поштасына жазуды сұраймыз: customers@kase.kz
Күні мен уақыты:
- 8 маусым 2023 15:00
- 15 маусым 2023 15:00
- 22 маусым 2023 15:00
Пікір қалдыру:
Пікірлер: