«Атамекен» ҰКП сот жүйесін реформалау бойынша сараптамалық қоғамдастықтың ұсыныстарын тыңдады
Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының алаңында сот жүйесін реформалау туралы ұсыныстарды қалыптастыру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров Ұлттық палатаның ұсыныстарының арқылы Қазақстанның сот жүйесіндегі өзгерістер туралы айтты.
Еске салсақ, өткен жылы Ұлттық палата жанынан адвокаттық және заң қоғамдастықтарының өкілдері, сондай-ақ бизнес сарапшылары қатарынан жұмыс тобы құрылды.
Жиналысты ашып, Құқық үстемдігі институты қамқоршылық кеңесінің төрағасы Азамат Төлеуов «Атамекен» ҰКП-ға сот жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына қажетті серпін бергені үшін алғысын білдірді. Әрі қарай «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровке сөз берілді. Спикер Ұлттық палатаның Сот жүйесін реформалауға қатысты ұсыныстарының бір бөлігін Жоғарғы Сот мақұлдағанын атап өтіп, екі тараптың қандай келісімдерге қол жеткізгені туралы айтты.
«Бірінші кезекте шағын және шалғайдағы соттардың аудандық соттары төрағаларының таратылуын атап өткім келеді. Ал қалған аудандық соттар төрағаларды сайлауды енгізді. Салық кодексіне заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік баждың шекті мөлшері бойынша өзгерістер енгізілді. Енді апелляциялық саты бірінші сатыдағы ережелер бойынша азаматтық істерді қайтарусыз қарайтын болады, сондай-ақ Жоғары Сот кеңесінің мәртебесі көтерілді. Өкінішке қарай, жекелеген ұсыныстар Мемлекет басшысы қол қойған «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасының түпкілікті нұсқасында көрініс таппады. Бірақ осыған қарамастан, біз азаматтық-процестік кодекс түзетулері аясында оларды енгізу бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деп атап өтті Ербол Өстеміров.
Спикер кассациялық инстанцияны қайта форматтау туралы сөз көтерді. Оның айтуынша, кассациялық өтініштерді алдын ала қараудың қолданыстағы тәртібі Жоғарғы Сотқа төменгі соттардың барлық сот актін қайта қарауға мүмкіндік бермейді. Мәселен, өтініштердің көбі кассациялық қарауға берілмейді.
«Қылмыстық-процестік кодекске енгізілген өзгерістер алқалы құрамдағы сот актілерін қылмыстық істер бойынша ғана ашық сот отырысында қайта қарау туралы өтініштерді алдын ала қарауға мүмкіндік берді. Істі кассацияға беру немесе бермеу, үш судья шешеді, ал өтінішхаттарды қарау қылмыстық процесс тараптарының қатысуымен сот отырысы залында жария түрде жүзеге асырылады. Жоғарғы Соттың әкімшілік алқасында әкімшілік әділет енгізілген сәттен бастап үздіксіз кассация жұмыс істейді. Алайда, мұндай тәртіп азаматтық істерге әсер еткен жоқ. Әрине, ең әділі – шектеусіз үздіксіз кассация, бірақ бұл айтарлықтай материалдық қаражатты қажет етеді», – деп толықтырды «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.
Ербол Өстеміров дәл осы себепті азаматтық істер бойынша келіп түскен өтініштерді алқалы түрде ашық сот отырысында алдын-ала қарау керек екенін айтты. Бұл шара сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтіп қана қоймай, сот ісін жүргізудің барлық түрі бойынша кассациялық қайта қарау тәртібін біріздендіреді.
«Кассациялық саты бойынша мемлекеттік баж процеске қатысушының өтінішхатын алдын ала қарау сатысында өтінішхатты қараудан бас тартқаны үшін емес, тікелей кассациялық сатыдағы сот отырысында өтінішхатты қарау үшін ғана төленуі тиіс деп санаймыз», – деді спикер.
Өткен жылдың тамызынан бастап екі тараптың келісімі болған жағдайда шарттық эксаумақтылық енгізілгені атап өтілді. Сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін «Атамекен» ҰКП апелляциялық сатыдағы барлық сот үшін азаматтық істер бойынша эксаумақтылықты автоматты түрде айқындауды бекітуді ұсынды. Осылайша, облыстық соттардың судьялары бір өңірдің 1-ші сатыдағы соттарының тиісті шешімін шығаруға ықпал ете алмайды, сондай-ақ бірінші сатыдағы соттарға талап қою кезінде айрықша соттылық мәселелерін қозғамайды.
«Келесі тармақ алқа төрағалары мен облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын сайлауды енгізу болды. Өткен жылы Мемлекет басшысы өз жолдауында алқа төрағаларын сайлау тақырыбын көтергеніне қарамастан, бүгінде бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр. Процесс бос лауазымдарға үміткерлерді таңдаумен шектелді және заң жобасына енгізілмеді. Сондай-ақ, Президент өз жолдауында судьялар корпусын шұғыл жаңарту және сауықтыру қажеттігі туралы айтты. Ұлттық палата бұл бастаманы толығымен қолдайды, өйткені сот корпусының кадрлық құрамы өзгеріссіз қалса, реформа қисынды аяқталмайды», – деп атап өтті Ербол Өстеміров.
Сондықтан «Атамекен» ҰКП мамандары оған барлық деңгейдегі судьяларды тағайындау жөніндегі ұсынымдардан бастап, іріктеуден бастап барлық кадрлық функцияларды беру арқылы Жоғарғы Сот Кеңесінің мәртебесін нығайтуды ұсынды.
«Жоғары Сот Кеңесінің функционалына жатқыза отырып, кадр саясатына соттардың кез келген араласуын болдырмау қажет. Оның құрамына заң қоғамының өкілдері (Ұлттық палата, ғалымдар, адвокаттар, заң консультанттары), ЖСК мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы кіруі тиіс, бұл қоғамдық бақылауды арттыруды қамтамасыз етеді», – деді басқарма төрағасының орынбасары.
Ербол Өстеміров жұмыс тобының мүшелеріне оларды толғандыратын басқа да мәселелерді талқылау үшін сөз берді. Мәселен, «Tax&Investment Lawers» адвокаттық кеңсесінің бас директоры Байрамалы Ахмедов татуластырушы судьялардың белгілі бір істер бойынша жұмысының орынсыздығы туралы пікірін бөлісті.
«Татуластырушы судья отбасылық істер, көршілер арасындағы дау бойынша шешім шығара алады. Бірақ татуластырушы судья кәсіпкерлерді татуластыруға мәжбүр еткенін елестетіп көріңізші. Тіпті олардың біреуі екіншісіне, айталық, орындалған жұмыс үшін 10 миллион теңге төлемеген болса ше?. Мұнда қандай татуласу туралы айтуға болады? Татуласқан жағдайда олардың біреуі жеңілдіктерге барады және 10 миллион теңгенің орнына 5 миллион теңгеге көнеді. Осылайша біз құқық бұзушыны қолпаштаймыз. Егер тараптар қалап жатса, татуласа берсін. Бірақ мәжбүрлеу мүлдем дұрыс емес. Бұл жерде судьялардың жауапкершілігі маңызды», – деді Байрамалы Ахмедов.
Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, «Алматы облыстық адвокаттар алқасының» адвокаты Алмас Салпеков те бұл пікірді қолдады. Спикер шалғай аудандарда жұмыс істейтін судьялар үшін еңбек өтілін есептеу кезінде артықшылық енгізу туралы ұсыныс жасады.
«Атап айтқанда, қызметті еңбек сіңірген жылдарына жеңілдікті шарттармен есептеуді ұсынамын – бір жыл бір жарым жылға есептелуі керек. Мұндай артықшылық шалғай аудандарда жұмыс істейтін құқық қорғау органдарының қызметкерлерінде бар. Бізде мұндай өңірлерде судьялар тапшылығы сезіліп отыр, жеңілдікті шарттар бұл мәселені шеше алар еді», – деді Алмас Салпеков.
Заң ғылымдарының докторы, «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры Лейла Жанұзақова тергеу судьялары туралы мәселе көтерді.
«Бұл институт қалай реформаланады? Қазір бұл институттың ештеңені өзгертпейтінін көріп отырсыз. Олар прокурордың шешімін нотариус ретінде орындайды. Ешқандай критерий анық емес. Судьяның әріптестері әдетте бес жылдан астам жазасы жоқ адамдарды отырғызады дейді. Қазір ірі қылмыс жасаған, сыбайлас жемқорлар үй қамауында отырғанын көреміз. Ал қылмысы болмашы адамдар ешқандай қауіп төндірмесе де бірден қамауға алынады. Заңда қамауға алу қашан қолданылатыны туралы нақты критерий белгіленуі керек», – деп атап өтті Лейла Жанұзақова.
Кездесу қорытындысы Жоғарғы Соттың бизнес мәселелерін қарау, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға ашық екенін көрсетті. Жұмыс тобы сот жүйесін реформалау туралы өз ұсыныстарын қосымша қалыптастырады және Жоғарғы Сот басшылығымен кездесулер легін жалғастырады. Бұдан басқа, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы судьялардың жауапкершілігі мәселелері жөніндегі Жоғары Сот Кеңесінің басшылығымен жеке кездесулер жоспарланған.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта «Атамекен» ҰКП сот жүйесін реформалау жөніндегі заң жобасын әзірлеп, қарауға белсенді қатысып жатыр. Жақын арада жиналған барлық ұсыныс осы заң жобасын қарау бойынша Парламент Сенатының алаңына шығарылатын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: