«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан жер қойнауын пайдаланушылар KAZRC стандартына көшуге дайын

2023 жылғы 02 Маусым
6648 просмотров

13-ші Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов CRIRSCO халықаралық комитетінің өкілдері және CRIRSCO комитетінің төрағасы Эдсон Рибейромен кездесті.

Кездесуде KAZRC кодексін енгізудің ағымдағы жағдайы, сондай-ақ KAZRC стандарттарына көшу кезіндегі  нәтиже мен тәуекелдер талқыланды.

Райымбек Баталов атап өткендей, Қазақстанның геологиялық және тау-кен өндіру салаларына инвестициялар ағынын ұлғайту үшін минералдық ресурстар мен қорларды бағалау жөніндегі халықаралық есептілік стандарттарына көшудің маңызды рөлі 2012 жылы геологиялық саланы 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында елдің мемлекеттік басқаруының барлық деңгейінде танылған. Өткен онжылдықта бұл бағытта үлкен және өте күрделі жұмыс атқарылды, құнды тәжірибе алынып, түбегейлі маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.

KAZRC стандарттарын енгізу процесі Қазақстан CRIRSCO халықаралық комитетіне кірген сәттен бастап 2016 жылы басталған. Бұл бастаманы Мемлекет басшысының қолдап бірқатар тікелей тапсырмалар берген. Атап айтқанда, Президент «SRIRSCO шаблоны бойынша қатты пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша жер қойнауын пайдалануға лицензиялар беру жөніндегі бірінші өтінім қағидатын енгізу» міндетін атап өтті.

Қазақстанда есептіліктің халықаралық стандарттарын енгізу туралы мәселені талқылау контексінде көптеген кен орыны, ең алдымен шетелдік қатысуымен, соңғы 20-25 жыл ішінде ішкі пайдалану (кен орнының өзекті әлеуетін түсінуді қамтамасыз ету үшін), сондай-ақ ішкі және сыртқы қаржы нарықтарында қаржыландыруды алу үшін JORC кодексі бойынша бағаланғанын еске салған жөн.

«Қазақстандағы көптеген кәсіпорын мен компаниялар іс жүзінде JORC-ке ұқсас KAZRC бойынша есептілікті дайындау тәжірибесіне толығымен көшті.  Сондықтан Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылардың басым бөлігі KAZRC стандарттарына толық көшуге дайын. Мәселен, Қазмырыш және Алтыналмас компаниялары өздерінің барлық нысанын KAZRC стандарты бойынша қайта бағалады, өндіру де, барлау да. «Полиметалл Еуразия» компаниясы биыл осы жұмысты жоспарлап отыр», – деді ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов.

 Сондай-ақ, кейінгі жылдары тау-кен жұмыстарын жоспарлаудың жаңа технологияларын қолдана отырып, кен орындарының нақты қорын түсіну мақсатында Риддер-Сокольное және Жезқазған сияқты ірі кен орындары бойынша қайта бағалау жүргізілді.

 «Тау-кен өндіру саласындағы үздік әлемдік тәжірибе қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға инвестициялардың 80%-дан астамы CRIRSCO халықаралық стандарттарын қолданылатын көрсетіп отыр. KAZRC стандартына толық көшу ғана Қазақстанның геологиялық барлауындағы инвестициялық белсенділікті айтарлықтай арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп сеніммен айтуға болады. Бұл өз кезегінде жаңа кен орындарының ашылуына алып келеді», – деп қорытындылады «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы.

Конгресте минералдық шикізаттың әлемдік нарығындағы инвестициялар үшін қатаң бәсекелестік жағдайында KAZRC кодексі толық енгізілгенге дейін өтпелі кезең болады. Осы кезеңде келген мерзім ұзарту әлеуетті инвесторлар Қазақстанның халықаралық жүйеге кірігуіне қатысты мемлекеттік саясаттың өзгеруі ретінде біржақты қабылдайтыны атап өтілді. Сонымен қатар Геология комитетінің минералды ресурстар мен қорларды бағалау процесін де, нәтижелерін де бақылау мақсатында МҚК жүйесін сақтауға деген ұмтылысы бар деген пікір айтылды.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасы 2016 жылы JORC кодексімен CRIRSCO-ның 10 мүшесі болды. Кодекс ҚР Тау-кен кодексінің ажырамас бөлігі саналады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер