«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер бөлшек салық режиміне 9 маусымға дейін ауыса алады

2023 жылғы 31 Мамыр
7203 просмотров

Дереккөз: dknews.kz

 Құрметті кәсіпкерлер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама беру мерзімі Қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізілгенге дейін ұзартылды (алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін).

2023 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 қаулысы «ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрон түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде  жарияланды.

Сәйкесінше салық режиміне өту туралы хабарламаны 2023 жылғы 9 маусымға дейін Салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы жіберуге болады.

Бөлшек салықты қолдануға болатын қызмет түрлерінің тізімімен мында  танысуға болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер