«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлытау облысында алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтті

2023 жылғы 24 Маусым
- Ұлытау облысы
8922 просмотров

 24 маусымда Жезқазған қаласында Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары», «Бір ауыл – бір өнім» байқауының бірінші өңірлік кезеңін ұйымдастырды. Көрмеде тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс секторы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік өндіріс тауарлары, халық тұтынатын тауарлар, жергілікті өндірушілердің өнімдерін қоса алғанда, түрлі бағыттағы жергілікті кәсіпкерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылды.

 Сондай-ақ, көрмеге «Hand made» техникасында орындалған өз өнімдерін ұсынған халық қолөнершілері де қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», Ххалыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинацияларында жеңімпаздарды облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облыстық ӨКП төрағасы Гүлмира Қаженова, облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов марапаттады.

 Жеңімпаздар Астанада өтетін республикалық көрме-байқауға барады. Облыс басшысының айтуынша, мұндай іс-шараларды өткізу отандық кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді және отандық брендті ілгерілету, жергілікті өндірушілердің жұмысын қолдауға мүмкіндік береді.

Ұлытау облыстық ӨКП төрағасы Гүлмира Қаженова көрме-байқауда тәжірибесі бар кәсіпкерлерден басқа, өз күштерін сынап көру және өз тұтынушысын табу үшін ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер де қатысқанын атап өтті. Мерекелік іс-шараға келген барлық тұрғын үшін лотерея ұйымдастырылды, оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Лотереяның жалпы жүлде қоры 13 миллион теңгеден асты. Бағалы жүлделерден басқа 100.000 теңгеге және 1.000.000 теңгеге «Haval» және «Cherry» автосалондарынан бірнеше сертификат ойнатылды.

 


Облыс басшысының айтуынша, мұндай іс-шараларды өткізу отандық кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді және отандық брендті ілгерілетуге баса назар аудара отырып, жергілікті өндірушілердің жұмысын қолдауға мүмкіндік береді.
Ұлытау облыстық ӨКП төрайымы  Гүлмира Қаженова көрме-жәрмеңкеде тәжірибесі бар кәсіпкерлерден басқа, өз күштерін сынап көру және өз тұтынушысын табу үшін ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер де қатысқанын атап өтті. Мерекелік іс-шараға келген барлық тұрғындар үшін лотерея ұйымдастырылды, оған барлық ниет білдірушілер қатысты. Лотереяның жалпы жүлде қоры 13 миллион теңгеден асты. Бағалы жүлделерден басқа 100.000 теңгеге және 1.000.000 теңгеге "Haval" және "Cherry" автосалондарынан бірнеше сертификаттар ойналды. 
Көрме-жәрмеңкелерді өткізудің арқасында кәсіпкерлер цех бойынша әріптестерімен тәжірибе алмасып, республикалық деңгейде өз күштерін сынап көре алады.



Еншілес ұйымдар

Серіктестер