«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыстың кәсіпкерлері базарларды модернизациялауда жеңілдікке қол жеткізді

2023 жылғы 29 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
7854 просмотров

Шығыс Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы базарларды модернизацилап жатқан кәсіпкерлер үшін преференциялар беруге қол жеткізді. Енді бизнестің осы санатына бірқатар шарт сақталған жағдайда мемлекеттен субсидия бөлінеді.  Бұл туралы ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев айтты.

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Сауда және қызметтер кеңесінің мүшелері уәкілетті органмен келісіп, кезекті жеңіске қол жеткізді.

ӨКП директоры Қайрат Мамырбаев осы жылдың ақпанында Кеңес отырысында кәсіпкерлер сауда базарларын жаңғырту және «Қазақстанда жасалған» бағдарламасын іске асыру мәселесін көтергенін еске салды. Атап айтқанда, «Заречный» базары» ЖШС директоры өскемендік Расул Манапов мемлекеттің республикалық маңызы бар қалалар үшін жұмыс істеп тұрған сауда базраларын міндетті жаңғырту туралы талабына байланысты бизнестің проблемаларын айтты. Бұл базарлар 2025 жылдан бастап Қазақстанның облыс орталықтары үшін де жұмыс істей бастайды.

«Заречный» базары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, оның шамамен құны 1 млрд теңгені құрайды. Бұл жалпы ауданы 3 мың шаршы метрден асатын екі қабатты ғимарат болады. Бірақ бизнес осы жобаны іске асыруға қолайлы қарыз қаражатының жетіспеушілігі проблемасына тап болды. Өйткені базарда жалға алушылардың негізгі контингенті шағын айналыммен сауда жасайтын микробизнес өкілдері. Тиісінше олардың жалдау ақысы бір шаршы метрге небәрі 1,5-3 мың теңгені құрайды. Егер кәсіпорын 5 жылға несие рәсімдесе, екінші деңгей банктердегі ай сайынғы жарна шамамен 20-25 млн теңгені құрайды, бұл қалта көтермейтін сома», – деді Қайрат Мамырбаев.

Сауда және қызмет көрсету кеңесінің отырысында ӨКП директоры жеңілдікпен несие беруден басқа, базарлар жаңғырту жүргізу барысында құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша шығындарды өтеуге мұқтаж екенін айтты. Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП Сауда департаментінің сарапшысы Әлібек Момынбеков сауда және интеграция министрлігі нарықтарды жаңғырту бойынша өзгерістер енгізуге болатын жол картасын әзірлеп жатқанын хабарлады. Ұлттық палата бұл жол картасына «кәсіпкерлерге қаржылай қолдау шараларын көрсету» пунктін енгізуге қол жеткізді.

Осыған байланысты ШҚО ӨКП Сауда және қызмет көрсету кеңесінің мүшелері өз ұсыныстарын ҰКП орталық аппаратына жолдады. Ал «Атамекен» ҰКП өкілдері өз кезегінде бизнес талаптарын орындауды талап етіп, осы мәселені алалық министрлік алдында бірнеше рет көтерді.

«ӨКП Сауда және қызмет көрсету кеңесінің ұсыныстары Үкіметтің 2018 және 2019 жылдардағы тиісті қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қабылданып, ескерілді. Нәтижесінде Үкіметтің 2023 жылғы 28 сәуірдегі №342 жаңа қаулысымен «Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына» 16-1-тармақ енгізілді, онда біздің ұсыныстарымыз дәл көрсетілген. Бұл үшін Шығыс Қазақстан облысының бизнес-қоғамдастығы атынан «Атамекен» ҰКП Сауда департаментіне және, әрине, Сауда және интеграция министрлігіне алғыс айтқым келеді», – деп атап өтті Қайрат Мамырбаев.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес енді ауданы кемінде 1000 шаршы метр сауда орталықтарын, қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін және сауда қызметіндегі көпфункциялы кешендерді (сауда-ойын-сауық орталықтарын қоспағанда) салу, кеңейту жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі. Бұл шара Астана, республикалық маңызы бар қалалардағы жобаларды қоспағанда, ЭҚЖЖ 47.11 «Мамандандырылмаған дүкендерде негізінен тамақ өнімдері, сусындар және темекі өнімдерімен бөлшек сауда» және ЭҚЖЖ 68.20.1 «Меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару» бизнес субъектілері үшін қарастырылған.

«Субсидияны сомасы 3 миллиард теңгеден аспайтын бір бизнес-жоба шеңберінде сауда жабдықтарын сатып алу және базарларды жаңғырту үшін алуға болады. Қолдау шарасы бір өңірде орналасқан екі немесе одан да көп объект бойынша көрсетілуі мүмкін, бірақ олар бірыңғай ғимарат немесе ғимарат болмауы тиіс және физикалық немесе технологиялық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты болмауы тиіс», – деп нақтылады ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Келтірілген шығындарды өтеуге үміткер кәсіпкерлерге екі міндетті шарт қойылады. Біріншіден, базар  аумағында «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өткізу үшін сауда орындары орналастырылуға тиіс. Екіншіден, базарда сатылатын азық-түлік өнімдерінің ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары болуы тиіс.

«Атамекен» өкілі енгізілген шара тек 2023 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілетінін, сондықтан сауда базарларының иелері кредиттерді ресімдеуге және субсидиялар алуға асығуы қажет екенін айтты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер