«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық азық-түлік өнімдері трендте

2023 жылғы 25 Мамыр
- Ұлытау облысы
6483 просмотров

Гүлжан Сағатова Талап ауылында туып-өскен. Еңбек өтілі бар фермер ретінде ол ауылда әйелдер кәсіпкерлігін табысты ілгерілетіп жатқандардың бірі. Шағын қосалқы шаруашылық – ірі және ұсақ малды өсіру арқылы Гүлжан күн сайын өз өндірісінен сүт өндіреді. Сүттен айран, құрт, май, қаймақ, сүзбе және ерекше дәмді бал-қаймақ дайындайды.

 «Қазір мамырда қымыз ерекше сұраныста болады. Өйткені мамырда бие сүті ағзамызға пайдалы аса бағылы микроэлементтерге бай болады», – деді Гүлжан Сағатов.

 Ауылдағы қыз-келіншектердің бос уақыты жоқ: ерте тұрып, сиыр сауу керек, сүтті сепартордан өткізіп кілегей алынады. Әрі қарай кілегейден май, көк сүттен сүзбе жасалады. Қышқыл сүт өнімдерін өндіруге ашықты жасалады. Кейін биелер жайылымға шығарылады. Осылайша қымыз нәрлі әрі дәмді болып шығады.

 «Еңбегім арқылы қоғамға пайда әкеліп, адамдарға тек шипалы және дәмді  тағамдар жасай алатыныма қуаныштымын. Экологиялық таза өнімдер қазіргі заманның үрдісі. Қазақстандықтар синтетикалық тағамнан шаршады және барлығы «Е» сериясындағы қоспалары жоқ дәмді және пайдалы өнім алғысы келеді. Әсіресе пайдалы өнім балаларға қажет, химиялық тағам жас ұрпақтың денсаулығына зиян келтіреді. Ұлттық өнімдерді насихаттауымыз керек. Өнімдеріміз экологиялық таза және денсаулыққа ешқандай зиян келтірмейді», – дейді Гүлжан Сағатова.

 Мемлекеттің қолдауы арқылы көптеген отандық кәсіпкер өз өнімдерін тұтынушылардың кең ауқымына, соның ішінде шетелдіктер де ұсына алады. Туристік кластердің дамуы мен «Алашахан», «Жошыхан», «Домбауыл» тарихи ескерткіштерінің арқасында Ұлытаудың жаңа облысына түрлі елдерден келген туристер келе бастады.

Өңірдің мәдениеті мен тарихын зерттеумен қатар, шетелдіктер жергілікті тағамдары және көшпенділердің дәстүрлі ұлттық тағамдарының ерекшеліктерімен танысады. Бізге ғасырлар тереңінен келген рецепттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.Ұлттық тағамдардың дәмі мен ерекшелігі көшпелі халықтардың дәстүрлі өмір салтына байланысты болды. Дүние жүзіндегі дәрігерлер ата-бабадан кел жатқан тағамдарды рационға қосудың қандай пайдалы екенін айтып жатыр. Яғни күнделікті рационында мүмкіндігінше дәстүрлі тағамдарды қосу керек.

Фермерлерді қолдау үшін өңірлік палаталар жұмысының шеңберінде АӨК жөніндегі кеңестер құрылған. Кеңестердің басты міндеті –  әр түрлі бағыттағы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өзекті мәселелерін шешуге көмектесу.

 Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасында Кәмшат Күнеділованың үйлестіруімен АӨК кеңесі жұмыс істеп жатыр.

«Кеңес мемлекеттік билік органдарымен тиімді әрекеттесу және АӨК дамыту мақсатында құрылды. Біздің міндетіміз –  ауыл кәсіпкерлерінің өзекті мәселелерін шешуге көмектесу. Атап айтқанда, субсидиялар бөлу, мал шаруашылығы саласында несиелеу, көктемгі егіс жұмыстарына жанармау бөлу жатады. Жергілікті сипаттағы барлық мәселе жергілікті атқарушы органдармен шешіледі», – деп атап өтті Камшат Күнеділова.

Қазіргі уақытта халық импорт өнімге қарағанда отандық азық-түлік өнімдерін таңдайды.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер