«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде кәсіпкерлерді қолдау бойынша меморандумға қол қойылды

2023 жылғы 26 Мамыр
- Ақтөбе облысы
6256 просмотров

«Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ филиалының өкілдері Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесті. Кездесу аясында кәсіпкерлікті қолдау бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар кәсіпкерлер үшін ақпараттық қызметтер көрсетуге, бірлескен іс-шаралар, кездесулер өткізуге уағдаласты.

Цифрлық ипотека мен автокредит арқылы онлайн-несиелендіруді нарыққа кеңінен енгізген Freedom Bank енді онлайн форматта бизнесті несиелендіруге көшті. 


«Freedom Bank-тегі ШОБ өкілдеріне арналған цифрлық бизнес кредиті - бұл клиенттің деректері, оның несиелік тарихы, ЖК тіркеуі және мерзімі және т.б. автоматты түрде тексерілетін толығымен цифрландырылған процесс. Өтінім беруден, сәйкестендіруден, келісімшартқа қол қоюдан және несие беруден бастап — барлығы 24 сағатта жасалады. ШОБ өкілдерін несиелендіру екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: банктің жеке бағдарламасы – кепілсіз несиенің максималды сомасы – 10 млн теңгеге дейін, ал инвестициялық мақсаттарға кепілмен – 100 млн теңгеге дейін және «Даму» Қорының мемлекеттік бағдарламасы бойынша, мұнда мөлшерлеме бизнестің әрекет ету өңіріне байланысты 7-8% құрайды. Яғни, мемлекеттік бағдарламадан өтпеген кәсіпкерлер әрқашан банк ұсынатын оңтайлы шешімдердің бірін таңдап, банктің жеке бағдарламасы бойынша кепілді немесе кепілсіз несие алуға өтініш бере алады» – деп Ақтөбе қаласындағы «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ филиалының директоры Ербол Сыздықов бөлісті.

 

«Банктің бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысқаны қуантады, өйткені қаржыландырудың қолжетімділігі шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады», — деп атап өтті Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова.

Тараптар өзара іс-қимыл жоспарын белгілеп, ұйымдар арасындағы ынтымақтастық кәсіпкерлік қызметті дамытуға және қолайлы жағдайлар жасауға жаңа серпін беретінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер