«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Текелі қаласында шаңғы-биатлон кешенін салу жоспарланған

2023 жылғы 26 Мамыр
- Жетісу облысы
6071 просмотров

 Текелі моноқаласы – Жетісу облысындағы туризмді дамытудың тартымды орталықтарының бірі. Туризм жөніндегі салалық кеңестің мүшелері Текелі қаласының туризмін дамыту және шаңғы-биатлон кешенін салу тұжырымдамасының мазмұны бойынша ұсыныстар енгізді.

Кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының алаңында Текелі қаласының әкімі Алмас Әділдің төрағалығымен туризм жөніндегі салалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

 Әкім Текелі қаласының туризмін дамыту тұжырымдамасы бойынша байқау жарияланатынын хабарлады. Өңірде шаңғы-биатлон кешенінің құрылысы облыстың туристік тартымдылығын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

«Біз саланы қалай дамыту керегін түсіну үшін жеңіске жететін компаниямен туристік мүмкіндіктерге талдау жасауды жоспарладық. Қазіргі кезде Текелі қаласының жалпы жоспарын әзірлеп жатырмыз. Онда қаланың туристік және өнеркәсіптік қызметіндегі күшті жақтары айқындалатын болады. Өткен жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қора, Шажа және Бурхан бұлақ сарқырамасы – мемлекетіміздің басты жетістіктерінің бірі екенін атап өтті. Туристердің үлкен ағынын тарту үшін ыңғайлы сапарға жол жасау керек. Қазіргі уақытта осы мәселе бойынша құжаттар дайындалу үстінде. Шаңғы-биатлон кешенінің құрылысы туризмді дамыту үшін мықты кешен болады», – деді Алмас Әділ.

 Кеңес жұмысына облыс, моноқала және Ескелді ауданының мемлекеттік органдары да қатысты. Олардың міндетіне туризм саласын қолдауды күшейту кіреді. Спорт нысандарын салу – күрделі міндеттердің бірі. Сондықтан жобаны іске асыруға сауатты әзірленген тұжырымдама арқылы қол жеткізіледі. Туризм жөніндегі салалық кеңестің мүшелері туризм бойынша жобалық кеңсе құру, туристік бағытты одан әрі жақсарту, атап айтқанда тұжырымдаманың мазмұны, шаңғы-биатлон кешенінің инфрақұрылымы бойынша пікір мен ұсыныстар айтты.

 Жиын қорытындысы бойынша жобалық кеңсе құру туралы шешім қабылданды. Кеңсе мүшелері моноқала туризмін дамыту тұжырымдамасы үшін техникалық ерекшелікті әзірлеуге қатысады. Алдағы уақытта текел қаласының аумағында шаңғы-биатлон кешенін жоспарланып отырған салу мәселелері бойынша ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондары кешені» РМҚК мамандарының қатысуымен көшпелі кеңес ұйымдастырылады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер