«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туристер мен такси мәселесі әуежай басшылығымен талқыланды

2023 жылғы 24 Мамыр
- Алматы қаласы
3038 просмотров

Бүгін Алматы халықаралық әуежайында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және қалалық басқармалар басшыларының кездесуі өтті. Кездесу мақсаты – жеке такси жүргізушілеріне қатысты өзекті мәселелерді шешу болды.

Биыл Алматыда туристтік ағын жоғары болады деп күтілуде. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар, бизнес-қоғамдастықтың бірлесуімен туристік маусымда қонақтар ағынын шектейтін кез-келген мәселені шешу жолдары қарастырылып жатыр.

«Осы мәселелердің бірі – жол ақысын асыра алатын такси жүргізушілері. Бұл әуежайда тұрақты түрде жұмыс істейтін жүргізушілер емес, бір рет келіп, заңсыз ақша табуды көздеген адамдар. Осы мақсатта әуежай басшылығы, құқық қорғау органдары өкілдерімен жиналып, шешімін іздеп жатырмыз», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Әуез Тәймбетов.

Еске салсақ, туризмдегі осы мәселе Алсаты ӨКП жанындағы Туризм жөніндегі салалық кеңес отырысында қаралды. Алматы қаласының туризм жөніндегі кеңесінің отырысына бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдардің өкілдері Алматы халықаралық әуежайы аумағында такси жүргізушілерінің шетел азаматтарына қатысты орынсыз қарым-қатынас көрсету мәселесін талқылады.

Кеңес отырысының қортындысы бойынша тараптар мәселені бақылауға алды.

POLISIA.KZ қызметінің хабарлауынша, соңғы жағдай 21 мамырда тіркелген. Алматы Халықаралық әуежайда туристен 800 доллар талап еткен 27 жасар таксист қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты «боспалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 21 мамырда Алматының халықаралық әуежайында жеке тасымалдаумен айналысатын белгілі бір азамат Үндістаннан келген туристерді көлігіне отырғызып, оларды мың теңгеге қонақүйге жеткізуге уәде берді. Мекенжайға келген кезде такси жүргізушісі жолаушылардан 1 180 доллар талап ете бастады. Содан кейін мүлде күш көрсетіп, олардың заттарын бермеймін деп қорқытқан. Нәтижесінде шетелдіктер тасымалдаушыға 800 доллар беруге мәжбүр болды.

Осы факт бойынша Үндістан азаматтары Бостандық ауданындағы полиция басқармасына барып арызданады. Бопсалаушы қамауға алынды. Турситерге келітірілген материалдық залал өтелді. Такси жүргізушінің көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

 «Бұл мәселе шұғыл шешімді қажет етіп тұр. Сондықтан жиында қонақүйлер мен басқа да туристтік орындарда ақпараттық анықтаманы тарату қажет деген қорытындыға келдік. Яғни, шетелдік қонақ такси жүргізушісімен кикілжіңге тап болса, осы анықтама арқылы кімге хабарласып, қалай арыз жазу керегін білетін болады. Сонымен қатар шетелдіктерді ақпараттандыру, ақпарат парақтарын ілу мәселелерін талқылап жатырмыз», – деді Әуез Тәймбетов.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер