«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 Ұлттық палатада Аgritech бағыты бойынша аграрлық технологияларды дамыту талқыланады

2023 жылғы 24 Мамыр
6431 просмотров

Осы жылдың  25 мамырында аграрлық сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін озық технологияларды енгізу барысы талқыланады. Осыған байланысты елімізде дамытылуы тиіс технологияларды айқындау жөнінде кеңес өтеді.

 Шараны цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы министрліктері  «Атамекен» ҰКП қолдауымен барлық мүдделі тараптың қатысуымен өткізеді. Жиында Қазақстан Республикасында agritech бағытын дамыту басымдықтарын айқындау жөніндегі жұмыс жоспары талқыланады.

Осыған байланысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аграрлық сектордың бизнес-қоғамдастығын жиынға қосылып, талқылауға белсенді қатысуға, сондай-ақ өз ұсыныстарын айтуға шақырады.

Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңестің 2022 жылғы 27 қазандағы agritech бағыты бойынша технологиялық болжау жүргізу жөніндегі тапсырмасы бойынша іске асып жатыр. Мақсаты – өнімдерді өндіру үшін басым бағыттарды, негізгі өнімдер мен технологияларды анықтау. Технологияларды игеру елдің тұрақты инновациялық дамуы үшін қажетті шарт болып табылады.

Технологиялық болжамдау нәтижесі ҚР Үкіметі жанындағы технологиялық саясат жөніндегі кеңеске ұсынылып, Қазақстан Республикасында АӨК дамытудың мемлекеттік стратегиялары мен бағдарламаларын қалыптастыру кезінде ескерілетін болады.

 Жиын өтетін күні: 2023 жылғы 25 мамыр

Уақыты: 16.00

 Форматы: онлайн

Zoom конференциясына қосылуға сілтеме:

https://us02web.zoom.us/j/85766984735?pwd=Z0Z3bGtrc1hTVEZ1ZWVqcVBrbkdCUT09

Идентификаторы: 857 6698 4735

Коды: 182204


Еншілес ұйымдар

Серіктестер