«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Райымбек Баталов Сианда өткен Іскерлік кеңеске қатысты

2023 жылғы 18 Мамыр
4328 просмотров

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрғасы Райымбек Баталов Сиань қаласында (ҚХР) өткен «Орта Азия – Қытай Халық Республикасы» Іскерлік кеңесінде баяндама жасады.

Райымбек Баталов ынтымақтастықтың осы форматында өңірлік өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге көтеру және елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың жаңа дәуірін ашу үшін барлық алғышарт пен құралдар бар екеніне сенім білдірді.

Спикер экономикалық кооперацияның ең өзекті бағыттарының ішінде азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, шикізат секторы және тау-кен саласы, соның ішінде әлемдік нарықтарда сұранысқа ие түсті, сирек және сирек жер металдарын өндіру мен өңдеуді дамыту саласындағы мүмкіндіктерді атап өтті.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы көрші елмен өзара сауда, капитал мен жұмыс күші ағындары үшін кедергілерді жоюды жалғастыру, көлік, цифрландыру және туризм саласындағы өндірістік және технологиялық ынтымақтастықты тереңдету қажеттігін атап өтті.

 Райымбек Баталов осы формат шеңберінде белсенді ынтымақтастыққа шақырып, Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасының ықтимал өзара іс-қимылдың түрлі аспектілері бойынша бірлескен жұмысқа дайындығын атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер