«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Цифрлық шешімдер, 3D-модельдеу: Алматыда картридж өндірісі бар

2023 жылғы 24 Мамыр
- Алматы қаласы
6507 просмотров

Алматы қаласында бірегей кәсіп түрлері көп. Соның бірі – картридж өндірісі. DOC Co LTD жауапкершілігі шектеулі серіктестісі  түрлі баспа құралдарына арнап картридж, оған арналған сияны шығарады.

«Дамыған елдердің қарымына тез жете алмасақ та, үлкен техникалардың бір бөлшегін, бір элементін шағыру, шағын өндірістерден бастау маңызды. Инновацияларға кіші қадамдармен жүру. Сондай өндірістердің бірі – картридж өндіретін DOC Co LTD ЖШС кәсіпорны. Отандық картридж өндірісі үлкен әлеуметтік маңызға ие. Себебі, ол ұлттық экономиканың дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға, импортқа тәуелділікті азайтумен қатар, инвестициялар тартып, осы саладағы инновацияларды дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов.

«DOC Co LTD» компаниясы 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылған. Қазіргі таңда кәсіпорында жергілікті қамту үлесі 77%-ды құрайды. Кәсіпорын баспа картридждерін жылына 200 мың данасын шығарады. Ал жоба құны 460 млн теңгені құрайды.

Бұл зауыт нарықта ерекшеленуге жол ашатын бірқатар мүмкіндіктерге ие. Барлық процесс толық автоматтандырылған. Өндірісте озық технологиялар мен инновациялық әдістер қолданылады.
Зауыттың сапаны қатаң бақылауда ұстауы, өндірістің әр кезеңін қадағалауы мен жоғарғы сапалы материалдарды қолдануы – компанияның жұмысқа деген аса жауапкершілігін көрсетеді.  

«Қазіргі кезде цифрлық технологиялар дамып жатқанына қарамастан кез келген кеңсені принтерсіз елестету мүмкін емес. Компания өндіріп жатқан көлемнің жартысынан көбін Алматы қаласының кәсіпорындары тұтынады. Демек, сұраныс жоғары. Бізге клиенттерге дер кезінде қызмет көрсету, сапа мәселесі бірінші орында», – дейді компания өкілі Қайсар Байғазиев.  

Компания өкілдерінің айтуынша, дұрыс таңдалған картридж жұмыс өндірісін өнімді етеді. Цифрлық сияның маңызы, дұрыс картриджді таңдау шығын материалдарын үнемдеуге, басып шығару сапасын жоғалтпауға және жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

«Көптеген адам принтердің функционалдығын тек түпнұсқа картридждер, яғни принтермен бірдей өндіруші жасай алады деп санайды. Дегенмен, уақыт пен қаражатты үнемдеу үшін жергілікті аналогтардың болғаны маңызды. біз картридж шығарумен қатар, корпортаивті клиенттер үшін принтерлерге қызмет көрсету, картридж жеткізу, орнату, сияға толтыру сияқты сервистік қызмет көрсетеміз», – деді компания өкілі 

 Бұмен қоса, қазір компания 3D-модельдеуді де қолға алған. Шағын заттарды моделін құрып, шығару процесі зерделеніп жатыр.

«DOC Co LTD» ЖШС  Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасынан шығарып жатқан өніміне СТ-KZ тауардың шығу түбін растайтын сертификатты алады. Бұл сертификат компания өнімдердің Қазақстанда өндірілетінін растайды.

«Бұл сертификатты алу компанияның сапаға және клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға деген ұмтылысының маңызды жетістігі және растауы. Зауыт қазіргі таңда картридждердің өнімділігін арттыруға инвестиция салып, өндіріс қуатын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл өндіріс көлемін ұлғайтуға және картридждерге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік бермек», – деді Әуез Тәймбетов.

Бірегей өндіріс иелерінің жоспары көп. Соның бірі отандық өндіру ретінде «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысу.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер