«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Идеядан іскер әйелге дейін

2023 жылғы 23 Мамыр
- Жетісу облысы
6211 просмотров

Ескелді ауданы Ақын Сара ауылының кәсіпкері Айқамал Хамит өз бизнесін ашып, ауыл тұрғындарын нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз етіп жатыр. Іскер әйел ретінде қалыптасуының алдында келіншек «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына қатысып, өзінің кәсіпкерлік біліктілігін шыңдады.

2018 жылы Айқамал өз бизнесін ашу туралы ойлады. Кәсіпті мал шаруашылығы саласында ашуды жоспарлады. Оқу курсына өтіп, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Игілік» бағдарламасы бойынша несие алды. «Хамит» жеке кәсіпкерлігін ашты. 12 бас жылқы сатып алып, өсіріп, қымыз өндірумен айналысты.

«Мен ауыл шаруашылығымен айналысуды шештім, өйткені бұл қазіргі таңда тиімді бизнес. Халық табиғи өнімдерді тұтынуға тырысады, оған сұраныс бар. Сондықтан неге тегін курстарда оқымасқа, бизнес негіздері бойынша бастапқы білім алып, өз ісімді ашпасқа деп ойладым. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алдым», – дейді кәсіпкер.

Кейін Айқамал мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару конкурсында жеңіске жетті. Байқаудағы жеңістің арқасында сол ғимаратта бірден бірнеше нысан ашылды: наубайхана, шаштараз, «Қазпошта» АҚ пункті.

Наубайханада күн сайын 250-ден 500-ге дейін нан шығарады. Онда үш адам жұмыспен қамтылған. Қазіргі уақытта кәсіпкер Ескелді ауданының төрт елдімекенін нанмен қамтамасыз етеді. Шаштараз қызметіне Ақын Сара ауылының тұрғындары арасында ғана емес, жақын маңда да сұраныс бар. 

Наубайханаға өңірлік кәсіпкерлер палатасының АӨК сарапшылар да барды.

«Наубайхана шағын, бірақ онда жұмысы көп, өйткені іскер әйелдің өнімдеріне ауылдастары арасында сұраныс үлкен. Елдімекенде бизнесті дамыту ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға ықпал етеді. Қазіргі уақытта 5 адам жұмыс істейді. Кәсіпкердің табысты қызметі ауданның ғана емес, жалпы облыстың дамуына үлкен үлес қосатынын атап өткен жөн», – деп түйіндеді ӨКП салалық даму жөніндегі басқарушы директорының орынбасары Бекмұрат Мұсахан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер