«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық әйелдерге бизнес ашу үшін "Coca Cola Belesteri" жобасы үлкен мүмкіндіктер ұсынады

2023 жылғы 20 Мамыр
- Ұлытау облысы
12956 просмотров

Мыңдаған отандасымыз өз ісін ашуға өтеусіз гранттар түрінде қолдау алуда. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 60 мыңнан астам әйел оқытылды, конкурсқа қатысуға мыңдаған өтінімдер берілді, 117 әйел өзінің алғашқы бизнесін ашуға грант алды.

Ұлытау облысының әйелдеріне арналған оқыту семинары бүгін Ұлытау облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.  
Іс-шараны ашқан Қазақстан ауыл әйелдері форумдарының ұйымдастыру комитетінің басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV-VI шақырылымының депутаты Майра Айсина "Coca-Cola Белестері" жобасы Қазақстан бойынша әйелдерді кәсіпкерлікке тартуға бағытталғанын атап өтті. 

Компанияның қолдауы қазақстандық әйелдердің өсуі мен дамуына мүмкіндік береді. Жоба 2012 жылы "Әлеуметтік динамика" қоғамдық қорының бастамасымен және The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен басталды. 2013 жылдан бастап жобаға серіктес – "Жасыл "экономика және G-Global дамыту Коалициясы" ЗТБ қосылды. Тараптардың күш-жігерін біріктіре отырып, жоба Қазақстанның барлық аудандарындағы жұмыспен қамтылмаған әйелдерді кәсіпкерлікке оқыту бағдарламаларына тартты.

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсманғали мемлекет бүгінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға үлкен көңіл бөлетінін, осылайша қазіргі заманғы бизнес-қоғамдастықтың жаңа қабаты қалыптастынын атап өтті.  

 



 



 

 - Жасалған қолдау құралдары отандастарымыздың көп пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Бизнес негіздеріне оқыту және кураторларды қолдау қазақстандық әйелдерге неғұрлым сенімді және тәуелсіз болуға мүмкіндік. Кәсіпкер әйелдерге Өңірлік кәсіпкерлер палатасы да жақсы көмек көрсетеді. Палата жанынан құрылған салалық комитеттер мен кәсіпкерлерді қолдау орталығының жұмысы жаңа бастаған және қалыптасқан бизнесмендерге жәрдем беруде,- деді Ұлытау облыстық өңірлік Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова.  
 

 

 

Семин️ар барысында Ұлытау облысындағы грант иеленушілер Айдана Кенжеболатқызы мен Әйгерім Баржаксина өздерінің табыс тарихымен бөлісті, бизнестегі алғашқы қадамдары туралы айтып, өз ісін ашуға мүмкіндік бергені үшін "Coca Cola Belesteri" компаниясына алғыстарын білдірді. 

 “G-Global жасыл экономика және даму коалициясы" ЗТБ менеджерлері Асыл Оқапова мен Гуляим Жақыпова компания жұмысының бағыттары туралы айтып, қазірдің өзінде өткізілген жобалар туралы бейне - ролик көрсетті. Қазақстанда әйелдер бизнесінің бағыттары әр түрлі: үйде пісіруден, этно – стильдегі сөмкелерді тігуден бастап, өз бақшасында құс еті мен экологиялық таза өнімдерді өсіруге дейін бар.

Іс-шара соңында өңірдің ең белсенді кәсіпкерлеріне Майра Айсина алғыс хаттар табыс етті.  
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер