«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 Әділет министрлігінде «Атамекен» ҰКП-ның қандай ұсыныстары бекітілді

2023 жылғы 19 Мамыр
5611 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

«Атамекен» Ұлттық палатасының бизнес мүддесін қорғау бойынша ұсыныстары қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерін жетілдіру жөніндегі заң жобасына енгізілді. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров пен Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың қатысуымен Парламент Мәжілісінде өткен заң жобасының таныстырылымда мәлім болды.

 ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексін жетілдіру жөніндегі заң жобасы аясында  «Атамекен»ҰКП дайындаған ұсыныстар енгізілгенін атап өткен жөн. Олардың ішінде:

Қылмыстық заңның жалпы ережелерін жетілдіру және қылмыстық процесс шеңберінде бизнес құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Атамекен» Ұлттық палатасының ұсыныстары:

 - қылмыстық істі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеуге тыйым салу жолымен азаматтарды қылмыстық қудалауға негізсіз тартуды болдырмау. Оған мынадай жағдайлар жатады: 1) құқық қорғау органының маманы залалды растамаған; 2) азаматтық-құқықтық дау бар; 3) салықтық тексеру актісіз немесе салықтық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі не сотқа шағым жасамаған кезде.

- қаралып отырған қылмыстық іс шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және тексеру жүргізу прокурорымен міндетті келісуді белгілеу;

- тінту, жеке тінту және алу бойынша санкцияның 10 тәуліктік қолданылу мерзімін белгілеу;

- жазаның лайықтығын, сондай-ақ бас бостандығынан айырудың баламасын қамтамасыз ету мақсатында кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша бірнеше рет айыппұл салу.

Бизнес өкілдерін бірінші кезекте кәсіпкерлердің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі қызықтырды.  Осылайша, азаматтарды сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеуге тыйым салу жолымен қылмыстық қудалауға негізсіз тартуды болдырмайтын норма азаматтардың қорғалу деңгейін арттырады. Мұндай тыйым егер құқық қорғау органының маманы залалды растамаса  қолданылуы мүмкін. Егер азаматтық-құқықтық дау болса және салықтық тексеру акті, не сотқа дейінгі акті, не салықтық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа шағымдану акті болмаса қолданылады. Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова атап өткендей, заң жобасында ұсынылған тәсіл Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне негізсіз тіркеуді айтарлықтай төмендетеді және оларды қылмыстық процеске тартпай азаматтардың құқығын қорғауды күшейтеді. Бұл шара қылмыстық саясаттың репрессив индексінің төмендеуіне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға тікелей әсер етеді.

 Жазаның лайықтылығын, сондай-ақ бас бостандығынан айырудың баламасын қамтамасыз ету мақсатында кейбір экономикалық құқық бұзушылық бойынша айыппұлды бірнеше рет салу ұсынылды. Бұл Қылмыстық кодекстің 189 «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап етуә, 190 «Алаяқтық», 234 «Экономикалық контрабанда», 236 «Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару», 245 «Салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару» 253 «Коммерциялық пара беру» баптары

Қалмыстық кодекстің  189 және 190 баптарының қолданыстағы редакциясында бірнеше рет айыппұл салу тек мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға қатысты қолданылады, ал қалған адамдарға қатысты – қолданылмайды.

 Бизнес өкілдерінің пікірінше, бірнеше рет айыппұл салуды қолдану тиімді экономикалық шара. Түрме тұрғындарын көбейтуге жол бермейтін тиімді шешім. Сонымен қатар, қылмыстардың осындай санаттары бойынша жазаның қосымша түрі қолданылуы мүмкін.  түрме тұрғындарын көбейтпестен Мысалы, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Шынында да, кәсіпкер үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу бас бостандығынан айырумен салыстырғанда салдары айтарлықтай.

 Ұсынылған «Қорғау акті» қылмыстық қудалау органының айыптау актіне қарама-қарсы құжат болады. Бұл судьяның сотталушыға қатысты біржақты пікірін қалыптастыруға кедергі келтіруге мүмкіндік береді. Адвокаттардың, әсіресе мемлекет тағайындайтын адвокаттардың іс жүргізу қызметін өз қорғаушыларының құқығын неғұрлым белсенді қорғауға және күйттеуге ынталандыру. Яғни сот процесінде тиісті рөлдерді атқару кезінде прокурор мен адвокаттың қарсыласу мүмкіндіктерін теңестіреді. Қорғау акті қорғаушы тарап айыптау актінің көшірмесін алғаннан кейін басты сот талқылауы басталғанға дейін сотқа енгізіледі.

Осылайша, «Атамекен» ҰКП ұсынған түзетулер қылмыстық процеске қатысушылардың барлығының мүддесін ескере отырып әзірленді және азаматтардың құқығын қорғауды күшейтуге, тараптардың бәсекелестігін қамтамасыз етуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға және «бюрократияны» азайтуға бағытталған.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер