«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық заңды тұлғалар шоттарынан 20%-ға артық ақша аудара бастады

2023 жылғы 18 Мамыр
- Павлодар облысы
7100 просмотров

Павлодар облысында қыста «қолма-қол ақшаны шығарудың» көшбасшысы бизнеске 5,7 млрд теңге берген «Forte Bank» болды, деп хабарлады Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында өткен жиында Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері.

«Бүгінгі кездесуге өңірдегі екінші деңгейлі банктердегі заңды тұлғалардың қолма-қол ақша алуының айтарлықтай – 20 пайызға артуы себеп болды», - деді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Мүбарак Жақыпов.

Оның айтуынша, жиынды өткізу бастамасы Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тиесілі. Оған «Атамекен» ӨКП-ның және ЭТД-ның өкілдерінен бөлек, банк қызметкерлері қатысты.

«ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ай сайын Ұлттық Банктен өңірлер және әрбір банк бойынша қаржы ресурстарын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін екінші деңгейдегі банктер туралы ақпарат алады. Ұлттық банктің 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәліметтеріне сәйкес, Павлодар облысында заңды тұлғалардың қолма-қол ақша алуы 20 пайызға өскен. Ең үлкен өсім «Қазақстан Халық банкі» (58 пайыз), «Нұрбанк» (39 пайыз) және Forte Bank (22 пайыз) банктерінде тіркелді», - деді ЭТД-ның бірінші жедел бөлімшесінің басшысы Жоламан Қиналбеков.

Бұл ретте Forte Bank ақпан айында қолма-қол ақшаны алудың жалпы көлемі бойынша көшбасшысы болды. Мұнда бизнеске 5,7 млрд теңге қолма-қол берілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер