«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оқушылардың бизнес-идеялары сараланды

2023 жылғы 17 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
6691 просмотров

Батыс Қазақстан облысының жоғары сынып оқушылары арасында «Мен болашақ кәсіпкермін» байқауы танымал болып келеді. Байқау БҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында үшінші жыл өткізіліп жатыр. Бұл жолы оған 10 сыныпта оқитын 26 оқушы қатысты. Кейбір қатысушы қазылар алқасын өзінің бизнес-идеяларымен таң қалдырғанын атап өткен жөн.

Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақ өкілдері арасында кәсіпкерлікке бейімі бар адамдарды анықтау, олардың өз күшіне, өз әлеуетіне деген сенімін нығайту. Іс-шараны өткізу идеясы БҚО іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Әзім Губашеваға тиесілі. Ол «Мен болашақ кәсіпкермін» жобасының авторы.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бұл бастаманы қолдады. ӨКП директоры Нұржан Мақсотов жыл сайын қазылар алқасының құрамына шақырылады.
Өз жобасын бірінші болып Теректі ауданынан келген Иулия Ермолаева таныстырды. Оқушы логопед-дефектолог болуды армандайды, ал медициналық университетті бітіргеннен кейін туған ауылында логопед орталық ашуды қалайды.
Иулиания өзінің бизнес-идеясын таныстыра отырып, логопед мамандарының қызметіне тек балалар ғана емес, көбінесе инсульттан аман қалған ересектер де мұқтаж екенін атап өтті. Сондықтан, оның пікірінше, логопедиялық орталық халық арасында сұранысқа ие болады.
И. Ермолаеваның идеясы қазылар алқасына өте ұнады. Сарапшылар бизнес-жобаның сауатты ұсынылуын ғана емес, оның сапалы мазмұнын да атап өтті.
Одан кейін Қали Шахназ (Бәйтерек ауылы) шықты. Оқушының жобасы үнемділікке байланысты («Қоқысқа екінші өмір сыйлайық» тақырыбы). Атап айтқанда, Шахназ қазылар алқасына пластик, ағаш, мата қалдықтарынан жасалған бұйымдар жаңа формада қалай қолданыста бола алатынын көрсетті.
Оқушылардың бизнес-жобаларының мазмұны ерекше болды. Балалар азық-түлік жеткізуді ұйымдастыру, шопинг орталығын ашу, туризмді дамыту, мерекелік іс-шараларды өткізуде өз көзқарасын бөлісті.
Мысалы, облыс орталығының тұрғыны, № 44 мектеп-гимназиясының оқушысы Диляра Қайырбай бие сүтінен балмұздақ шығаруды үйренді. Негізгі өнімнің дәмін бәсеңдету үшін қымызға ванилин, қоюландырылған сүт, қант қосады. Сондай-ақ, ол қымызға банан қосып көруге қорықпады.
Диляра оның өнімдері сыныптастарына ұнағанын айтады. Орта мектеп оқушылары балмұздақ сатып ала бастады.
Іс-шараның жеңімпаздарын анықтау кезінде қазылар алқасы кәсіпкерлік негіздеріне қатысушылардың білім деңгейіне назар аударды, сондықтан балаларға тауар мен қызметтерді лгерілетуге байланысты сұрақтар қойды.
Бірыңғай бағалау критерийлерін ұстана отырып, қазылар алқасының мүшелері бірінші орынға Шыңғырлау ауданының тұрғыны Оксана Зубенко ие болуы керек деген ортақ пікірге келді. Оқушы өз жобасын «Табиғаттың дәмі» ешкі шағын фермасы деп атады және бұл экономиканың дамуы тек қағаз жүзінде ғана емес. Жас балаға бейқамдық тән деген стереотиптерді бұза отырып, Оксана ешкі малынан шағын ферма құруды мақсат етті.
Зубенко ешкі өсіру оның балалық арманы екенін айтты. Туған күнінде ата-аналар Ксюшаға «орыстың ақшыл» тұқымды ешкісін сыйлады, ал үй жануары сүт бере бастағанда, қыз одан ірімшік, сүзбе, кілегей жасауды үйренді.

Оксана ешкі сүтінің бір бөлігі туыстарына сатылады, ал екінші бөлігі сүт өнімдерін, екі түрдегі ірімшікті (тәтті және даршын) дайындау үшін қолданылатынын айтты.
Өзінің бизнес-жобасында қыз Альпі тұқымының бірнеше ешкісін сатып алуға, оларды күтіп ұстауға, қора салуға 250 мың теңге қажет екенін көрсетті.
Альпі тұқымының ешкілері сүтті және бағасы арзан болғандықтан, оқушы қыз осы тұқымды дамытуға ақша салған жөн деп санайды.
Шыңғырлау ауданының жас тұрғыны қазылар алқасына өз өнімдері салынған толық себетті ұсынды. Қазылар алқасының мүшелері тек дизайнды ғана емес, сонымен қатар ірімшіктер, сүзбені, ешкі сүтінің дәмін де бағалай алды.
Қазылар алқасы екінші және үшінші орындарды бірнеше қатысушылар арасында бөлді. Сарапшылар «жасыл күнбағыс өскіндерін өсіру және сату бизнесі» және «жемшөп өсірудің инновациялық әдісі» жобасының авторларына екінші орын берді.
Үшінші орын жоғарыда аталған Қали Шахназға және сабын букетін ұсынған Ақжайық ауданының тұрғынына бұйырды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шараның барлық қатысушысы алғыс хаттармен марапатталды.
«Мен – болашақ кәсіпкермін» байқауыны қорытындысын шығару кезінде ӨКП директоры Нұржан Мақсотов пен іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынова бизнес-жобалардағы кемшіліктер мен қателіктер туралы айтты.
«Мен – болашақ кәсіпкермін» байқауы жоғары сынып оқушылары арасында танымал бола бастағанын айта келе, байқауды ұйымдастырушылар өткен жылы іс-шараға 16 бала қатысса, бұл көрсеткіш онға артқанын хабарлады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер