«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата мәслихаттарға бөлшек салықты екі есеге төмендетуді ұсынды

2023 жылғы 16 Мамыр
6179 просмотров

Қазақстанда бөлшек салықтың арнайы салық режимі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспектив тәртіппен енгізіліп, тұрақты қолданысқа алынды. Салық жеке тұлғаларға сатылған кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8% мөлшерлеме бойынша төленеді. Бұл ретте жергілікті мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету құқығы берілген.  Бұл ретте жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарлар үшін салық мөлшері 50%-дан аспайды.  

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, мәслихаттар бөлшек салық мөлшерлемесін 4-тен 2%-ға дейін төмендетсе, бизнес үшін барынша оңтайлы жағдай жасалады. Мысалы, ҚҚС бойынша шек – 2 млрд теңге, персонал саны – 200 адам, жеке тұлғалармен жұмыс істеу үшін салық мөлшерлемесі – 2% болады.

«Қазір салық ауыртпалығы салдарынан көп кәсіпорын бөлшектеліп жатыр. ҚҚС шегінен шығып кетпеу үшін кәсіпкерлер табысын жасырумен әлек. Осы мәселені бөлшек салығы арқылы шешетін болсақ, бизнестің басым бөлігіні көлеңкеден шығара аламыз. Кәсібін адал жүргізетін бизнеске де қолдау болар еді. Мөлшерлеме төмендейді, бизнестің басым бөлігі ашық жұмыс істейді және қалыпты өркениетті жұмыс орнайды», – деді Тимур Жаркенов өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен апта сайынғы жұмыс кеңесінде.

Кейбір өңірде кәсіпкерлер салық мөлшерлемесіне қатысты алаңдаушылық білдіріп жатқанын айта кету керек. Мәслихаттарға жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарлар үшін ставканы 4-тен 2%-ға дейін төмендету құқығы берілгеніне қарамастан, маслихаттардың көбісі ставканың ең төменгі мөлшерін 2%-ға қоймайды,  оны 3% деңгейінде қалдырып жатыр.

Осыған байланысты, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарға бұл мәселені жергілікті басқару органдарымен пысықтауды тапсырды.

Еске салсақ, наурызжа Мемлекет басшысы «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы «Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Осы заң шеңберінде арнайы салық режимін жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылға 2,1 млрд теңгені (600 мың АЕК) құрайтын кәсіпкерлер қолдана алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер