Қазақстанда негізгі капиталға инвестиция артты
Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2023 жылдың I тоқсанында 2 741 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды «Атамекен» аналитика қызметі.
«Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша жалпы шығындардың жартысынан көбі (56%) ғимараттар мен нысандарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, ал 29%-ы машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған», – деп жазады аналитика қызметі.
Сарапшылардың айтуынша, инвестициялардың бір бөлігі мына бағыттарға тиесілі:
- өнеркәсіп – жалпы көлемнің 51,4%-ы (тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 36,9%, өңдеу өнеркәсібі – 8,5%)
- жылжымайтын мүлікпен операциялар – 21,4%
- Көлік және қаттау – 8,6%.
Бұл ретте 2022 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда ең үлкен өсім мына салаларда байқалады:
- кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (↑3,4 есе)
- мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (↑ 3,1 есе)
- орналастыру және тамақтану қызметтерін көрсету (↑2,2 есе).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: