«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыста кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге ауқымды ақпараттандыру жүргізілді

2023 жылғы 10 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
5961 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) және ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-консультанттары облыс орталығы, аудан-ауданда көшпелі кездесулер өткізді. Онда елдімекендердің тұрғындарына бизнесті мемлекеттік қолдау шараларыын таныстырып, бастауыш және болашақ кәсіпкерлер үшін тегін қызметтер туралы ақпарат берді.

 

КҚКО және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-кеңесшілері Дархан Тоқтасынов, Әсем Смайылова, Рүстем Нүксиев, Жанболат Серғазин, Жанар Елемесова, Альмира Дүйсекенова бір ай бойы ШҚО Кәсіпкерлер палатасы ұсынатын бизнеске арналған қызметтер туралы кәсіпкерлік бастамасы бар бизнес субъектілері мен тұрғындар арасында ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізді.

Сәуірдің бірінші онкүндігінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде қонақ дәрісі өткізілді. ӨКП өкілдері ЖОО-ның шақыруы бойынша студенттерді 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету бойынша КҚКО қызметтерін таныстырды. Атап айтқанда-бухгалтерлік, заңгерлік, маркетингтік қызметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, КҚКО-дан кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары туралы толық ақпарат алуға болады.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында қыздар мен әйелдерге кәсіпкерлік қызметті бастау үшін жақсы нишаны таңдауға көмектеседі, өз бизнесін қалай ұйымдастыру керегін айтады, алалық оқу, бизнес-оқуға мүмкіндік береді және ісін жаңа бастаған кәсіпкер мемлекет қандай мүмкіндіктер беретіні туралы егжей-тегжей ақпарат береді.

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің шақыруымен «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының драйвері ретінде жастардың интеллектуалдық әлеуеті» тақырыбындағы семинар өтті. Онда кеңесші-менеджерлер студенттерге бизнес-жоспарды тегін әзірлеу мүмкіндігі, жобаларды сүйемелдеу бойынша қызметтер, бухгалтерлік және салықтық есеп мәселелері туралы айтты.

«Студенттер Палата жанындағы кәчіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының қызметтері тегін көрсетілетініне таң қалды. Оқытушылармен бірге олар бизнес ашуға грант алу мүмкіндіктері, жастарға берілетін жеңілдіктер туралы сұрақтар қойды. Біз ұлттық жоба шеңберіндегі гранттық қаржыландыру конкурстары, Аграрлық несие корпорациясынан жастарға берілетін жеңілдікті несиелері, «Даму» қорының құралдары – кепілдік беру және субсидиялау туралы егжей-тегжей айтып бердік. Жастарды өз кәсібін ашуға шешім қабылдағаннан кейін бізге жүгінуге шақырдық. Біз оларға барлық мүмкін көмекті көрсетеміз», – деп түсіндірді Жанболат Серғазин.

Кезекті кездесі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтті. ӨКП өкілдері осы жолы ғылыми-техникалық кеңеске қатысуға шақырылды. Онда ЖОО педагогикалық құрамын «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасының жастарды кәсіпкерлік саласына тарту жөніндегі қызметі туралы ақпарат айтылды. Сондай-ақ мамандар грант алу мүмкіндіктері туралы сұрақтарға жауап берді, атап айтқанда педагогтарды студенттік жобаларды коммерцияландыру үшін инновациялық гранттар қызықтырды.

Сәуір ортасында ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ШҚО бойынша өңірлік филиалы, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалдарының директорлары өкілдерінен тұратын Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандары бойынша бірқатар сапар іске асырылды.

Осы кездесулер барысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының мамандары ШҚО ӨКП қызметтеріне және «Мен кәсіпкер» жаңа жобасы аясында ұсынылатын мемлекеттік қолдауға баса назар аударды.

Осы жолы жобаның екі бағыты бойынша қызмет көрсету туралы ақпарат берілід. Мәселен, «Кәсіпке бағыт» бағыты кәсіпкерлік әлеуетті арттыру және өз бизнесін масштабтау мақсатында ШОБ-ты салалық оқыту қамтылған. Оқу ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, оқу орталықтары, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының базасында өтеді. 2023 жылғы ақпаннан 2025 жылғы желтоқсанға дейін іске асырылатын «бір ауыл – бір өнім» екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік әлеуеті бар әрбір ауыл тұрғыны, стартапер немесе жергілікті шикізаттан тауар өндіруші қолөнершілер тауарларының немесе ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмелеріне қатысу арқылы өзінің кәсіпкерлік деңгейін арттыра алады. 10 мамырда 2023 жылғы маусымда өтетін «бір ауыл - бір өнім» көрмесіне қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталды.

«Кездесулердің бәрі жақсы өтті, тұрғындар бизнестің түйткілді мәселелерін талқылады, сұрақтарын қойды. Палата атынан біз орталықтардан қандай қызмет түрлерін алуға болатыны туралы ақпарат бердік. Мемлекеттік қолдау келер болсақ, Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұрғындары ауыл шаруашылығы бизнесін қолдауға қатысты сұрақтар қойды. Ал Күршім, Ұлан, Глубоковский, Самара аудандарының тұрғындары жеке кәсіп ашуға грант алуға ынта танытты», – деді Әсем Смайылова.

Кездесулерде барлық қойылған сұраққа ұйымдастырушылар толық жауаптар беріп, аудан тұрғындарын бизнес-ортаға белсенді қатысуға, мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, жеке кәсіп ашудан қорықпауға шақырды.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы КҚКО және Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы орналасқан мекенжайы: Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1, 1 қабат, 3 кеңсе, анықтама телефоны 8 (7232) 742-107.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер