Жеңіс күні құтты болсын
Құрметті отандастар!
Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Миллиондаған адамның өмірін жалмаған сұрапыл соғыстың аяқталғанына көп жыл өтті. Бірақ сол жылдар тарихымызда өшпес із қалдырды.
Сол себепті Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат. Бейбітшіліктің ақ таңы үшін жанын қиған ата-апаларымыздың ерлігін еске алып, құрмет көрсететін күн. Әр отбасы үшін ыстық. Біз ардагерлеріміздің айбынын ешқашан ұмытпаймыз.
Даму, өркениет, ғылым мен білімнің үдерісін тежейтін, ана мен баланы, қарт кісілерді де аямайтын соғыстың салдарын адамзат баласы түсінсе екен деген тілек бар. Әлемде тыныштық орнап, татулық салтанат құрсын.
Жеңіс күні құтты болсын!
Құрметпен, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов
Пікір қалдыру:
Пікірлер: