Қазақстанда әлеуметтік салаға бөлінетін шығын қысқарды
Биыл әлеуметтік салаға жұмсалатын шығын үлесі республикалық бюджеттің барлық шығысыынң 38%-ын құрайды. Бұл туралы «Атамекен» аналитика қызметі хабарлады.
«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға 2023 жылы сәйкес әлеуметтік салаға (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және қамтамасыз ету) шығын 8,1 трлн теңге немесе осы жылға арналған республикалық бюджеттің барлық шығынның 38%-ы», – деп жазады аналитика қызметі.
Сонымен қатар, бір жыл бұрын Қаржы министрлігінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің деректері бойынша осындай көрсеткіш 47%-ды құрады. Кейінгі бес жылдағы рекордтық көрсеткіш 2020 жылы 50% деңгейінде белгіленген.
Сарапшылар атап өткендей, бағыттар бойынша 2023 жылы білім беру саласына шығын 1 262 млрд теңгеге жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға төмен көрсеткіш.
«Өз кезегінде ресупбликалық бюджетте биыл денсаулық сақтау және білім беру саласына қарастырылған шығын соңғы бес жылда рекордтық көрсеткішке жетіп, сәйкесінше 2 171 млрд теңге және 4 687 млрд теңгені құрады», – деп жазады сарапшылар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: