«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарлық "Атамекенде" шетелдік ән авторларының жаңа қазақстандық өкілі таныстырылды

2023 жылғы 04 Мамыр
- Павлодар облысы
6785 просмотров

Павлодар облысының Әділет департаменті Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасымен, "Аманат" авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау ұйымымен бірлесіп кафе-барлар, караоке клубтар, қонақ үй және мейрамхана бизнесі өкілдеріне зияткерлік меншік объектілерін қорғау, авторлық және сабақтас құқықтарды пайдалану шарттары бойынша семинар өткізді.

"Ресей авторлық қоғамы" Ресей қоғамдық ұйымы (РҚҰ) ресейлік авторлардың көпшілік алдында орындағаны, эфирге шыққаны және шығармалар кабелі арқылы хабарлағаны үшін сыйақы жинау және бөлу бойынша мүдделерін білдіреді. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" қазақстандық заң бойынша мүліктік құқықтардың иесі зияткерлік меншік объектілерін басқа адамдарға пайдалануға рұқсат бере алады немесе тыйым сала алады", - деді семинарда мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы филиалының директоры Қайрат Баянов.

Сол заң бойынша шетелдік авторлар мен құқық иелеріне тиесілі репертуар үшін сыйақы осындай өкілеттіктері бар адаммен жасалған шарт негізінде жиналуы керек, деп атап өтті ол.
Ресей авторлық қоғамы "Қазақстандық авторлық қоғам" ОҚҰ-мен Қазақстанда туындыларды пайдаланғаны үшін авторлық сыйақы жинауға бұрын жасалған шартты бұзып, бұл туралы "Аманат" авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйым" ЖМ-мен шарт жасасты. Сондықтан осы авторлық қоғамның репертуарына кіретін зияткерлік меншік объектілеріне ұжымдық негізде авторлық құқықтарды басқару жөніндегі Қазақстандағы РАҚ - тың жалғыз уәкілетті өкілі - "Аманат" ұйымы.


Қазақстанда ұжымдық негізде құқықтарды басқару жөніндегі басқа ұйымдармен Ресей авторлық қоғамы шарт жасасқан жоқ, деп атап өтті Қайрат Баянов.
"Аманат" авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйым" ЖМ-нен басқа, үшінші тұлғалардың сыйақы жинау құқығы толық тоқтатылуға жатады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер