«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында Кәсіпкерлердің салааралық Кеңестерінің отырысы өтті

2023 жылғы 28 Сәуір
- Алматы облысы
9450 просмотров

Бүгін Алматы облысында құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және логистика саласындағы Кәсіпкерлердің салааралық Кеңестерінің отырысы өтті.

Шара Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов пен Алматы облысы прокурорының орынбасары Азамат Күренкейдің қатысуымен өтті. Жиын аясында қатысушыларға Қонаев қаласының бас жоспары таныстырылды.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қуандық Чункунов жиынды ашып, салалық Кеңестердің мақсаты өңір аумағында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.

Нұржан Құдайбергенов Алматы облысы бойынша қазіргі күнде құрылыс жүріп жатқан 68 әлеуметтік құрылыс нысандары бар екенін, оның ішінде: білім саласы бойынша - 51, денсаулық саласы - 6, спорт саласы – 8 және мәдениет - 3 нысанды құрайтынын жеткізді.

«Жалпы құрылыс басқармасының 2023 жылғы бюджеті 132,0 млрд. теңгені құрады. Бірінші тоқсанға жоспарлаған 35,4 млрд. теңге толығымен  100% орындалды», - деп хабарлады Нұржан Құдайбергенов.

Сонымен қатар, ол 2023-2026 жылдары облыста 63 мектептің құрылысы басталатынын айтып, 2023 жылға арналған жоспарлармен бөлісті.

Мәселен осы жылдың 1-ші қаңтардағы жағдайы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автожолдардың үлесі 90% құрады. Жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті тағыда 1% өсіру  жоспарланған. Бұл мақсатқа жету үшін 2023 жылы 28,8 млрд.теңгеге 217,7 км автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

          Бизнесті мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау прокурорлық қадағалаудың басым бағыты болып табылады, - деп сөзін бастады Алматы облысы прокурорының орынбасары Азамат Күренкей.

      «Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп "Бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың боты" сервистік бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленіп, іске қосылды. Мобильді топқа бот арқылы 160 сигнал келіп түсті, олар бойынша 42 расталды, 31 расталмады, 1 тексеру кезеңінде, 86 сигнал бойынша түсініктемелер берілді», - деп хабарлады прокурордың орынбасары.

          Азамат Күренкей сондай-ақ жүргізілген талдау арқылы кәсіпкерлерден жарнама салығын заңсыз өндіріп алу фактілері анықталғанын айтты.

«Біз бизнестің жүйелі мәселелерін кәсіпкерлік өкілдерінің және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен «Атамекен» ҰКП-на қарасты бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңесте қараймыз», - деп түйіндеді Азамат Күренкей.

Отырыс барысында өңірдің кәсіпкерлері осы салалардағы түйткілді мәселелерді талқылауға шығарды. Бизнес өкілдері, сонымен қатар, жергілікті өндірушілерге басымдық беруді ұсынды.

Өз кезегінде әкімнің орынбасары көтерілген барлық мәселелер мұқият қаралып, өзекті мәселелер бойынша мұндай отырыстар жиі өткізілетінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер