Бесқарағай ауданында кәсіпкерлермен кездесу өтті
2023 жылдың 26 сәуірінде Бесқарағай аудандық «Аманат» партиясының конференц-залында Абай облысы кәсіпкерлер палатасының Бесқарағай аудандық филиалының ұйымдастырумен аудан кәсіпкерлеріне семинар-дөңгелек үстел өткізілді.
Семинар барысында қатысушыларға кәсіпкерлер құқығын қорғау, мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзушылықтарды болдырмау, кәсіпкерлердің өз қызметін одан әрі дамыту бойынша мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие бағдарламалары, жаңа бизнес жобалар бойынша берілетін мемлекеттік гранттар тұралы ақпарат берілді.
Кездесуге Бесқарағай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Бағдат Ерғазинов, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ерлан Айдарханов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Маржан Мырзахметова шақырылды.
Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Ерлан Айдарханов қолданыстағы салық заңдылығына қатысты енгізілген өзгерту мен толықтырулар бойынша толыққанды ақпарат беріп, кәсіпкерлерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.
Аудан прокуратурасының аға прокуроры Бағдат Ерғазинов кәсіпкерлерге қатысты заң бұзушылықтар болған жағдайда прокуратура органына жүгінсе, міндетті түрде кәсіпкердің мүддесі қорғалып, заң бұзған кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылатындығы ескертті. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қатысты мемлекеттік сатып алулар порталы бойынша заң бұзушылықтар байқалған жағдайда құқық органына хабарласып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған құзырлы тұлғалардың белгілі әрекетін қолданыстағы құқықтық нормаларға сәйкес заңсыз деп табу жөнінде ұсыныс енгізілетіні айтылды.
Аудандық кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Гульнара Бернгард кәсіпкерлердің өз қызметін одан әрі дамыту бойынша мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие бағдарламалары, жаңа бизнес жобалар бойынша берілетін мемлекеттік гранттарға қатысты толыққанды ақпарат берді.
Семинар соңында аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының басшысы Еркебұлан Мұқашев кәсіпкерлерді толғандырып жүрген әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, кәсіпкерлер үшін палата филиалы қашанда көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: