«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абақтыда жасалған: Алматы облысының кәсіпкерлері темір тордың артындағы өндірісті жолға қойды

2023 жылғы 25 Сәуір
- Алматы облысы
8419 просмотров

Абақтыда жасалған: Алматы облысының кәсіпкерлері темір тордың артындағы өндірісті жолға қойды

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы және Жетісу облыстарының ҚАЖ Департаменті жергілікті кәсіпкерлерді бірлесе жұмыс жасауға шақыруда. Осы мақсатта бизнес өкілдері үшін абақтыда орналасқан кәсіпорындарға сапар ұйымдастырылды.

Жалпы облыс аумағында  №10, №12, №14 және №57 түзеу мекемелерінде өндірістік кәсіпорындар жұмыс жасайды. Сотталғандар жазасын өтеу барысында түрлі кәсіп меңгеріп, қабілеттерін шыңдап жатыр.

Мәселен №10 түзеу мекемесінде өндірістік кәсіпорындар 7700-ден астам шаршы метр аумақта орналасқан. Онда 190-ға жуық жазасын өтеушілер еңбек етіп жатыр. Бұл абақтыда кәсіпкерлерге 3582 шаршы метр бос аймақ пен 600 шаршы метр қойма аумағы бар.

Дегенмен, қамаудағы жүздеген тұтқынды жұмыспен қамту мүмкін емес. Сондықтан Палата өкілдері жергілікті бизнесті жаңа кәсіпорындар ашуға ынтықтыру, жұмыс орындарын ұйымдастыру, сотталушылар өндірген өнімдер мен қызметтерді өткізу мәселелерін талқыға салды.


Ал темір тор артында өндірістері іске асып жатқан кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ниет білдірушілерге барлық артықшылықтарды жария етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер